Мен 3517 әскери бөлімінің 2 атқыштар ротасының аға сарбазы (аға атқышы) қатардағы жауынгер Сәрсен Ұлықбек отан алдындағы борышымды өткеріп бітуіме санаулы күндер қалды. Әскерге келген себебім еліме күн туған жағдайда, кезіндегі Ұлы отан соғысының батырлары сияқты жауыма төтеп беріп, Ұлан байтақ даламды сақтап қалғым келеді. Әрине кезіндегі Ұлы Отан соғысының батырлары жүрегімізден ерекше орын алды. Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын шүберекке түйген, жауынгер халық болған. Ұлан байтақ даланың бір тұтам жері үшін, қорқу деген сезімді жүрегінен жұлын алып тастаған. Әрине сол кездері тек қана ерлеріміз ғана емес, сонымен қатар ештеңеге қарамастан ару қыздарымызда қолдарына қару алып жауға қарсы тұрып ерлікпен қаза тапқан. Ол аяулы жандардың есімдері жүрегімізде мәңгілікке сақталады.
7 мамыр Отан қорғаушылар күнімен барша қазақ халқын, өзімнің атымнан және де 3517 әскери бөлімнің атынан шын жүректен құттықтаймын. Сонымен қатар өзім сияқты Отан алдындағы борышын өтеп жатқан жәнеде өтеген жандарды мақтан тұтамын.
9 мамыр Ұлы жеңіс күні. Бұл мереке әр отбасыға ыстық, өйткені соғыс бірде-бір жанұяны айналып өтпеді. Әр отбасында соғысқа қатысып, жеңіспен оралған немесе ерлікпен майданда қаза тапқан және оралмаған ата- әжелері бар. Сұрапыл соғыста жеңіске жету жолында мыңдаған адамдардын өмірі қиылды.
Ұлан байтақ жерімізді осындай ерлік көрсетіп жандарын қиып бізге аманат қылып тапсырғандары үшін мың алғыс, ол жандардың есімдері мәңгілікке жүрегімізде. Ал енді осы ұлан байтақ жерімізді келешек ұрпаққа аманат қылып тапсыру біздің парызымыз деп ойлаймын. Осындай қайғылы күндер елімізде орын алмасын, еліміз аман — жұртымыз тыныш болғай.