Ұлттық ұлан әскери бөлімдері және әскери қызметшілері бірнеше мемлекеттік маңызы бар міндеттерді атқарады. Солардың ішінде Қостанай қаласындағы Ұлттық ұланның 6697 әскери бөлімі де бар. Атап айта кететін болсақ бұл әскери бөлімнің 1 атқыштар ротасы қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде өздерінің жазаларын өтеп жатқан сотталғандарды күзетумен айналысады.
Қарауылдық қызмет 1 атқыштар ротасының жеке құрамына қойылатын басты міндет болып саналады. Бұл қызмет жеке құрамнан қырағылық пен батылдықты, жарғылық міндеттерді бұлжытпай орындауды және батыл шешімді талап етеді. Қарауылдық қызметке моральдық – психологиялық жағдайы жоғары, жігерлі сарбаздар жіберіледі. Жауынгерлік қызметке бір тәулікке түсетін сарбаздар қандай жағдай болмасын өзіне бекітілген нысанды қырағылықпен күзетеді.
Рота, взвод командирлері жауынгерлік қызметті үздік атқару үшін, аса назарды қарауыл жеке құрамының дайындығына мән береді. Жылына екі рет келетін шақырылымның жүздеген жас сарбаздарының ішінен тек қана іріктелгендері ғана 1 атқыштар ротасында қызмет ете алады. ҚАЖ мекемелерін қорғайтын және күзететін сарбаздар, әртүрлі психологиялықтесттерді тапсырып, сонымен қатар физикалық шарттарға сәйкес келуі керек. Қарауылдық қызмет кезінде сенің басты қаруың қолыңда емес, басыңдағы білімің және өз-өзіңе деген сенімің. Сондықтан жас сарбаздар рота үй-жайына келгеннен бастап өздерінің арнайы міндеттерін және қаруды қалай қолдану керектігін оқи бастайды. Соның өзінде өз міндеттерін және қару қолдану тәртібін жетік меңгерген сарбаздарды ешкім қызметке қоюға асықпайды. Өз Отанының алдындағы борышын өтеудегі бастапқы қадамдарын, енді жүре бастаған сәби тәріздес асықпай бастайды. Қаруды қалай қолдану керектігін жатқа білу, және оны шынайы жағдайда қолдану әркімнің қолынан келе бермейтін іс десек те болады. Өз қаруын автоматты түрде қолдана білу үшін 1 атқыштар ротасының әр сарбазымен айына екі реткүндіз және түнгі уақытта атыс жаттығулары өткізіледі. Атыс барысында сарбаздар өздерінің командирлерімен бірге қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, біздің жауынгерлік қызметке тікелей қатысы бар әртүрлі жаттығуларды орындайды. Осы жаттығулардың арқасында әр сарбаз кез-келген күтпеген жағдайға дайын болып нұсқаулық бойынша әрекет ете алады.
Жас шақырылым өздерінен жарты жылға ертерек келген сарбаздарданкөп нәрсені үйрене бастайды. Әскери өмірмен енді таныса бастаған жігіттерге өздері секілді жастардың мысалы ерекше жігер береді. Егер офицерлерменсержанттар әскери тәртіпке үйретсе, аға сарбаздар ротадағы күнделікті тұрмыс-тіршілік пен ережелерге үйретеді. Қарауыл бастықтары және қарауыл бастықтарының көмекшілері өздерінің бар білгендерін, тәжірибелерін бір жыл ішінде жас сарбаздарға үйретіп, олармен бірге тікелей жауынгерлік қызмет атқарады. Қызметті сергек және адал атқару үшін сарбаздарға барлық жағдай жасалады. Олар тыныққан күйде қызметке аттанады және жауынгерлік қызметке түсер алдында олармен моральдық – психологиялық жағдайларын көтеру мақсатында, яғни жауынгерлік қызметтегі сатқындыққа жол бермеу үшін тәрбие жұмысы, нұсқаулық сабақтары өткізіледі.
Өздерінің қырағылықтарымен, асқан ұйымдастырушылықтарымен көптеген келісім-шарт бойынша әскери қызметшілер мен сарбаздар өздерін жақсы жақтарынан көрсетіп жауынгерлік қызметтің үздіктері атанды. Атап айта кететін болсақ қылмыстық атқару жүйесінде сотталушының қашуына жол бермей, жауынгерлік есеп бойынша әрекет еткен қарауыл бастығы сержант Е.Курпебаев және оның қарауылшысы ефрейтор Н.Устелбаевта бар. Жауынгерлік қызметтің үздіктерімен әр ай сайын ұлықтау кеші өткізіліп, марапатталады.
Қарауылдық қызмет – әрбір сарбаздың қолынан келе қоймас, себебі 24 сағат бойы қырағылығын жоғалтпай, өзінің жауапкершілігіне берілген аумағы мен бекетін қорғау және қадағалау олардың арқасына жүктелген үлкен міндет. Сондықтан күн сайын қолдарына қару ұстап, жауынгерлік тапсырманы орындау үшін тек шыдамды, үздік сарбаздар тағайындалады.1 атқыштар ротасының сарбаздары, сержанттары және офицерлері еліміздің тыныштығына жауап беріп, кез-келген жағдайға төтеп беруге дайын.
Наша страница в Фейсбук! Подпишись!