Кездесуде Мәжіліс депутаты, республикалық волонтерлік қозғалыстың жетекшілерінің бірі Вера Ким жаңа Конституция жобасында волонтерлік қызметтің маңыздылығына мән берілгеніне тоқталып, жұртшылықты құттықтады. Депутат атап өткендей, осы арқылы Ата заң жобасында мықты мемлекет тек билік институттары ғана емес, сонымен қатар бір-біріне қолдау көрсетуге дайын адамдарға да арқа сүйейтіні туралы қарапайым, бірақ аса маңызды идея айқын көрініс тауып отыр.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев жаңа Ата заңда адами капиталдың дамуы елдің стратегиялық даму бағыттарының бірі ретінде танылатынын атап өтті. Бұл мемлекет білімге, ғылымға және жас ұрпақтың мүмкіндіктеріне сенім артып отырғанын көрсетеді.
«Eurasia Group Kazakhstan» кәсіпорны алаңындағы ашық диалог барысында Қоғамдық коалиция мүшелері фермерлердің барлық сұрақтарына жауап берді. Өз кезегінде аграрлық сектор өкілдері жаңа Конституция жобасында еңбексүйгіштік, прогресс пен білім мемлекеттің іргелі қағидалары ретінде бекітілгеніне оң пікір білдірді.
Жаңа Конституция жобасындағы еңбек адамының мәртебесі «ENKI» ЖШС керамикалық кірпіш зауытының еңбек ұжымымен кездесуде талқыланды.
Ақмола облысы: Коалиция мүшелері тұрғындарды толғандырған тақырыптарды талқылады
| 135 просмотров
Поделиться:

