В регионе сохраняется спокойная обстановка по заболеваемости клещевым энцефалитом. Массовых вспышек не зафиксировано, а количество случаев заражения остается на минимальном уровне. О текущей ситуации и мерах защиты на брифинге РСК рассказал заместитель руководителя областного департамента санитарно-эпидемиологического контроля Галымбек Алин.
Специалисты напоминают: клещевой энцефалит — это опасное вирусное заболевание, поражающее центральную нервную систему. Основными переносчиками являются иксодовые клещи, пик активности которых приходится на период с апреля по октябрь.
За прошлый эпидсезон в области зафиксировано более 800 укусов клещей, из которых около 200 пришлось на детей до 14 лет. В Кокшетау подтверждено всего два случая заболевания — оба связаны с работой на дачных участках и выездом в соседние регионы. Большинство пострадавших вовремя получили медицинскую помощь и необходимый иммуноглобулин
— сообщил Галымбек Алин.
Особое внимание уделяется зонам высокого риска, к которым в области относится Сандыктауский район. Здесь ежегодно проводятся масштабные профилактические обработки территорий. Эффективность этих мер подтверждают лабораторные данные: из почти 5 тысяч исследованных клещей, собранных в природной среде, ни один не оказался носителем вируса.
Для тех, кто входит в группы риска, в регионе проводится плановая вакцинация. На текущий год запланирована прививочная кампания для более чем 200 человек, при этом запас препаратов в области сформирован в полном объеме.
Спикер подчеркнул, что цифровизация и доступность медицины позволяют жителям оперативно получать помощь, однако главную роль играет личная ответственность.
Важно помнить о правиле «72 часов»: именно в этот срок после укуса необходимо ввести иммуноглобулин для максимальной защиты. Мы призываем жителей использовать репелленты, выбирать закрытую одежду для прогулок на природе и проводить регулярные самоосмотры. Своевременная профилактика — самый эффективный способ защиты здоровья
— подытожил Галымбек Алин.
На сегодняшний день ситуация находится под полным контролем профильных служб. В весенне-летний период информационно-разъяснительная работа с населением будет усилена, чтобы не допустить роста заболеваемости в регионе.
Наше сообщество в Вконтакте. Подпишись, чтобы быть в курсе новостей!
Өңірде кене энцефалитіне қатысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты күйінде қалып отыр. Ауру жұқтыру деректері өте төмен деңгейде тіркеліп, жаппай таралу жағдайлары анықталған жоқ. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғалымбек Алин мәлімдеді.
Мамандардың айтуынша, кене энцефалиті – орталық жүйке жүйесін зақымдайтын қауіпті вирустық ауру. Оны негізінен иксодты кенелер таратады. Кене шаққаннан кейін ауру белгілері әдетте 7–10 күн ішінде байқалады, ал жасырын кезеңі 21 күнге дейін созылуы мүмкін.
Өткен жылдың эпидемиялық маусымында, яғни сәуір мен қазан аралығында облыс бойынша 800-ден аса адамды кене шаққан. Оның ішінде шамамен 200-і – 14 жасқа дейінгі балалар. Зертханалық тексерулер нәтижесінде Көкшетау қаласында кене энцефалитінің екі жағдайы расталған. Бұл оқиғалар бақшада жұмыс істеу және Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданына бару кезінде орын алған.
Зардап шеккендердің басым бөлігі дер кезінде медициналық көмек алып, иммуноглобулин егілген. Дегенмен, кейбір азаматтар кеш жүгіну, қарсы көрсетілімдер немесе өз еркімен бас тарту себепті бұл қорғаныс шарасын алмаған.
Сандықтау ауданы облыс бойынша кене энцефалиті таралу қаупі жоғары аймақ болып саналады. Бұл аумақта жыл сайын арнайы өңдеу жұмыстары жүргізілетіндігін атап өтті басшы орынбасары.
Жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, сыртқы ортадан жиналған 4750 кененің бірде-бірінен вирус анықталған жоқ. Бұл – алдын алу шараларының тиімділігін көрсетеді
– деді Ғалымбек Әлин.
Алдын алу жұмыстары облыста жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Мамандар табиғатқа шыққанда қорғаныш киім кию, репелленттер қолдану және серуеннен кейін денені мұқият тексеру қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ, кене шаққан жағдайда алғашқы 72 сағат ішінде иммуноглобулин егу маңызды.
Қазіргі таңда өңірде вакцина қоры жеткілікті, қосымша жеткізілім де жоспарланған. Биыл 200-ден астам адамға вакцина егу және қайта егу жұмыстары жүргізіледі.
Ең бастысы – тұрғындардың сақтық шараларын сақтауы. Уақтылы алдын алу – денсаулықты қорғаудың ең тиімді жолы
– деп атап өтті Ғалымбек Әлин.
Жалпы алғанда, Ақмола облысында кене энцефалитіне қатысты жағдай бақылауда. Мамандар алдағы уақытта да алдын алу шараларын күшейтіп, халықты ақпараттандыру жұмыстарын жалғастыра бермек.

