29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

Пресс-служба РгК «Орталық» НГ МВД РК

ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі

«Айбын-2026»: «Жас Бүркіт» не оставил шансов соперникам в соревнованиях по перетягиванию каната

В третий день Международного военно-патриотического молодежного сбора «Айбын-2026» команда «Жас Бүркіт» Национальной гвардии вновь порадовала яркой победой. В соревнованиях по перетягиванию каната молодые гвардейцы, объединив силу, волю к победе, сплочённость и упорство, уверенно превзошли всех соперников и завоевали I место.

В ходе состязаний участники команды продемонстрировали стойкость характера и образец настоящего командного единства. Каждая схватка ярко показывала их стремление к победе, силу духа и высокий уровень подготовки. В результате команда «Жас Бүркіт» поднялась на высшую ступень пьедестала, ещё раз подтвердив своё лидерство и мастерство.

Эта победа стала символом не только физической силы, но и командного духа, дисциплины и преданности Родине. Достижение молодых гвардейцев свидетельствует об их большом потенциале и готовности покорять новые вершины.

«Айбын-2026»: «Жас Бүркіт» арқан тартыста қарсылас шақ келтірмеді

Халықаралық «Айбын-2026» әскери-патриоттық жастар жиынының үшінші күні Ұлттық ұланның «Жас Бүркіт» командасы тағы бір жарқын жеңіспен қуантты. Арқан тартыс сайысында күш пен жігерді, ұйымшылдық пен табандылықты бір арнаға тоғыстырған жас ұландықтар барлық қарсыластарынан басым түсіп, І орынды жеңіп алды.

Жарыс барысында команда мүшелері қайсар мінез бен мызғымас бірліктің үлгісін көрсетті. Әрбір тартыс олардың жеңіске деген жігерін, рухының мықтылығын және жоғары дайындық деңгейін айқын аңғартты. Нәтижесінде «Жас Бүркіт» командасы жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріліп, өздерінің мықты екендіктерін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Бұл жеңіс – тек физикалық күштің ғана емес, сонымен қатар командалық рухтың, тәртіптің және Отанға деген адалдықтың жеңісі. Жас ұландықтардың жетістігі олардың болашақта да биік белестерді бағындыра алатындығын көрсетеді.