С 21 по 27 июня 2026 года в городе Щучинске Акмолинской области проходит Международный военно-патриотический сбор молодёжи «Айбын». В этом масштабном мероприятии принимают участие представители пяти государств и более 50 команд, которые соревнуются в различных дисциплинах.
В первый день сбора участники состязались по нескольким направлениям, одним из самых зрелищных и интересных из которых стала робототехника. В данном соревновании команда «Жас Бүркіт» из города Кокшетау, представляющая Национальную гвардию Республики Казахстан, продемонстрировала высокий уровень подготовки и технического мастерства, завоевав почётное II место.
Члены команды успешно справились со сложными заданиями, объединив свои знания, творческий подход и практические навыки. Этот результат является ярким свидетельством интереса молодых военнослужащих к современным технологиям, а также их упорства и целеустремлённости.
Военно-патриотический сбор «Айбын» является важной площадкой, направленной на укрепление военно-патриотического воспитания молодёжи, развитие лидерских качеств и расширение международного сотрудничества и дружеских связей.
«Айбын-2026»: Ұлттық ұланның «Жас Бүркіт» командасы робототехникадан күміс жүлдегер атанды
2026 жылғы 21-27 маусым аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны өтуде. Биылғы ауқымды шараға бес мемлекеттің өкілдері мен 50-ден астам команда қатысып, өзара бақ сынауда.
Жиынның алғашқы күні қатысушылар бірнеше бағыт бойынша жарысқа түссе, соның ішінде ерекше қызығушылық тудырған сайыстардың бірі – робототехника бағыты болды. Бұл додада Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының намысын қорғаған Көкшетау қаласынан келген «Жас Бүркіт» командасы жоғары дайындық пен техникалық шеберлігін көрсетіп, жүлделі ІІ орынды иеленді.
Команда мүшелері өздерінің білімдері мен шығармашылық қабілеттерін ұштастыра отырып, күрделі тапсырмаларды сәтті орындап, төрешілер мен көрермендердің жоғары бағасына ие болды. Бұл нәтиже жас сарбаздардың заманауи технологияларды меңгеруге деген қызығушылығы мен табанды еңбегінің жемісі екені сөзсіз.
«Айбын» әскери-патриоттық жиыны жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін нығайтуға, олардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға және халықаралық достық байланыстарды арттыруға бағытталған маңызды алаң болып табылады.

