Щучинск қаласынан келген спортшы әлемдік біріншілікте үшінші болды.
Алматы қаласында тоғызқұмалақтан Әлем чемпионаты аяқталды, онда 17 елдің 180 өкілі қатысты.
Ақмола облысынан Бурабай ауданының спортшысы Жанель Құрманғалиева қола жүлдегер атанды. Оның жаттықтырушысы Жұматай Әбілқасов.
Облыстың аға жаттықтырушысы Гүлмира Бекбаеваның айтуынша, Мұхаметжан Ілияс 12-орынға ие болды. Оның санатына 67 спортшы қатысты.
Әбиева Ханшайым 16-орынды иеленді. Оның санатына 60 спортшы қатысты.