25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Бүгін Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Ақмола облысы бойынша басшысы Сайдалин Самат Мұратұлы «Republic Day» және «Bereke Fest» ауқымды республикалық акцияларын іске асыру барысы туралы баяндады

Самат Мұратұлының айтуынша, аталған акциялар Көкшетауда 17 қазанда басталып, ұлттық мерекеге орайластырылған. ҚР Сауда және интеграция министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүзеге асырып жатқан бастаманың негізгі мақсаты — тұрғындар үшін қажетті тауарлардың қолжетімділігін арттыру, тұтынушылық сұранысты қолдау, ішкі саудаға қосымша серпін беру және отандық өнімдерді өткізу мүмкіндіктерін кеңейту.
Мерекелік ұсыныстар мен арнайы жеңілдіктердің ең белсенді кезеңі 21-27 қазан аралығын қамтиды. Осы күндері қала тұрғындары мен қонақтары азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың кең ассортиментін төмендетілген бағамен сатып ала алады. Жекелеген тауар санаттарына 10%-дан 50%-ға дейін жеңілдіктер қарастырылған.
Ауқымды сатылымдарға өңірдегі танымал сауда орталықтары, супермаркеттер мен базарлар қосылды. Арнайы ұсыныстар мына нысандарда қолданылады:
Сауда орталықтары мен үйлері: «РИО» СОС, «Жұмбақтас» СҮ, «Глобус» СҮ, «Астана» СҮ, «Жібек Жолы» СҮ, «Арбат» СҮ, «ЦУМ» СҮ, «Электротоваров» СОО, әйелдердің сырт киім салоны «Персона», «Кристалл» СҮ.
Супермаркеттер мен сауда желілері: «SMALL», «Орда», «Аймер», «Лайм», «Inmart», «Союз», «Құлагер», «Семейный».
Базарлар: «VOSTOK» және «Восточный» базары.
Департамент акциялардың 27 қазанды қоса алғандағы кезеңге дейін жалғасатынын еске салады. Қатысушылардың толық тізімімен танысып, қосымша ақпаратты Ақмола облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсынан алуға болады.