29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Вторник, 11 августа

Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық теледебат өтеді

Тақырыбы: Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның негізі

12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық телевизиялық дебат өтеді. Тікелей эфирде бірінші тарихи Құрылтай сайлауына қатысатын жеті саяси партияның өкілдері кездеседі.

🔷«Әділет» партиясы — Айжан Аймағанова мен Мәди Мырзағараев;
🔷ЖСДП — Лариса Ли мен Нұрайнаш Камалова;
🔷«Байтақ» партиясы — Амалбек Өміртай мен Алмат Тұртаев;
🔷Қазақстан Халық партиясы — Жандос Бидайбеков пен Ирина Смирнова;
🔷«Ауыл» партиясы — Жазира Сұлтанқұлова мен Ерболат Саурыков;
🔷«Ақ жол» партиясы — Бек-Мұхамед Жаукебаев пен Ермек Әбілдин;
🔷Respublica партиясы — Олжас Құспеков пен Динара Шүкіжанова.

Дебатқа қатысушылар өздерінің партиясы неліктен қолдауға лайық екеніне сайлаушыларды сендіруге тиіс.

📺 Көрермен назарына:
* сайлауалды бағдарламаларға толық талдау;
* тікелей эфирде келіп түскен ең өткірсұрақтарға жауаптар;
* дебатқа қатысушылардың пікірі бойыншасайлауалды бағдарламалардың әлсіз тұстары;
* партиялар өкілеттік мерзімі ішінде орындауға міндетті бір нақты уәде ұсынылады.

▶️ Тікелей эфир барысында көрермендер экрандағы QR-код немесе WhatsApp арқылы пікірталасқа қатысушыларға өз сұрақтарын жолдай алады.

🎙️ Дебат аяқталғаннан кейін тікелей эфирде «Ашық студия» саяси ток-шоуы эфирге шығады. Сарапшылар пікірталастың негізгі сәттерін, қатысушылардың сөзін және дебаттардың сайлау науқанына ықпалын талдайды.

🔴🔴 Алғашқы командалық теледебатты 12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасының тікелей эфирінен, сондай-ақ телеарнаның ресми YouTube арнасынан көріңіздер.

@jibekjolydebate2026