Бүгін Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен №6 мекемеде департамент қызметкерлері мен жазасын өтеуші сотталған азаматтардың қатысуымен құқықтық мәдениетті арттыру, құқықтық сауаттылықты нығайту және медиация институтын насихаттау мақсатында «Заң және тәртіп» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Іс-шараны Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бас маманы Билялова Динара Бақытжанқызы жүргізді.
Кездесуге Медиация кеңесінің төрайымы, кәсіби медиатор Гүлнар Мәдиева, Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бас маманы Байғожин Алдияр Абайұлы, сондай-ақ №6 мекемесінің сотталғандар арасында тәрбиелік және әлеуметтік-психологиялық жұмыс жүргізу бөлімінің ОВСПРсО жасағының бастығы, бас маман, әділет капитаны Төлешов Иззат Әлібекұлы қатысты.
Кездесу барысында спикерлер заң талаптарын сақтау – қоғамдық тұрақтылықтың, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың және құқықтық мемлекетті қалыптастырудың басты негізі екенін атап өтті. Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қоғамдағы заң үстемдігін нығайту мәселелері жан-жақты талқыланды.
Медиация кеңесінің төрайымы, кәсіби медиатор Гүлнар Мәдиева өз сөзінде медиацияның қоғамдағы дауларды сотқа дейін бейбіт жолмен шешудегі маңыздылығына тоқталды. Ол медиацияның тараптардың өзара түсіністігін арттыруға, жанжалдарды өршітпей келісімге келуге, адамдар арасындағы сыйластық пен өзара жауапкершілікті нығайтуға ықпал ететін тиімді құқықтық тетік екенін атап өтті. Сондай-ақ сотталған азаматтарға медиация рәсімінің негізгі қағидаттары – еріктілік, құпиялылық, бейтараптық және тараптардың тең құқықтылығы туралы түсіндірме беріліп, даулы жағдайларды сындарлы диалог арқылы шешудің артықшылықтары айтылды.
Кездесу барысында «Заң және тәртіп» тақырыбында дайындалған бейнеролик көрсетіліп, «еркін микрофон» форматында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, заңнама талаптары мен медиация институтының қолданылу ерекшеліктері жөнінде жан-жақты жауаптар алды.
Ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті
| 37 просмотров
Поделиться:

