29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

Полиция есірткіге қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ақпараттық науқан өткізді

Ақмола облысының орталығында полиция есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша ақпараттық акция өткізді

«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Ақмола облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Көкшетау қаласындағы «Жаңа Жағалау» жағалауында жаңа скейт-алаңның ашылуына арналған қалалық іс-шараға қатысты.

Жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырған мерекелік бағдарлама танымал өнерпаздардың қатысуымен өткен Open Air концертімен қорытындыланып, оған үш мыңға жуық қала тұрғындары мен қонақтары жиналды.

Іс-шараға жастардың көптеп қатысуын ескере отырып, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері «Есбол Қоры» фронт-офисінің еріктілерімен бірлесіп, есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға бағытталған ақпараттық акция ұйымдастырды.

Акция барысында полиция қызметкерлері мен еріктілер есірткіні қолдану мен таратудың зиянды салдары туралы ақпараттық жадынамалар таратып, сондай-ақ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының сенім телефонының нөмірі көрсетілген материалдарды тұрғындарға ұсынды.

Профилактикалық акцияның дәл осы заманауи скейт-алаңның ашылу күні өтуі де ерекше мәнге ие. Мұндай қоғамдық кеңістіктер жастарға спортпен шұғылдануға, белсенді демалуға, достарымен араласуға және өз қабілеттерін дамытуға кең мүмкіндік береді. Қолжетімді әрі мазмұнды бос уақыт ортасы жастардың салауатты өмір салтын таңдауына ықпал етіп, есірткіден алыс болудың тиімді жолдарының бірі саналады.

Осындай ауқымды қалалық іс-шаралар аясында профилактикалық жұмыстар жүргізу халықтың кең аудиториясын қамтуға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және қоғам қауіпсіздігі мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және әрбір азаматтың бірлескен жауапкершілігі екенін тағы бір мәрте еске салуға мүмкіндік береді.