Іс-шара барысында такси көліктеріне заңдылықты, құқықтық тәртіпті және құқықтық мәдениетті насихаттауға бағытталған көрнекі ақпараттық материалдар орналастырылды.
Аталған форматтың таңдалуы такси қызметтерінің халық арасында кеңінен сұранысқа ие болуымен байланысты. Күн сайын мыңдаған азамат такси қызметін пайдаланады, бұл өз кезегінде тұрғындардың басым бөлігін қамтып, заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті құрметтеу және азаматтық жауапкершілікті арттыру жөніндегі үндеуді кең аудиторияға жеткізуге мүмкіндік береді.
Өткізілген акция қоғамда заңға бағыну мәдениетін қалыптастыруға және «Заң мен тәртіп» қағидатын қауіпсіз әрі әділетті қоғамның негізі ретінде нығайтуға бағытталған кезекті маңызды қадам болды.

