Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық – қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Ол адамның құқықтары мен бостандықтарын бұзып қана қоймай, отбасының берекесіне, балалардың тәрбиесіне және қоғамның тұрақтылығына кері әсер етеді.
Зорлық-зомбылық физикалық, психологиялық, экономикалық және жыныстық сипатта болуы мүмкін. Кез келген зорлық-зомбылық түрі адам денсаулығына зиян келтіріп, оның өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.
Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында мемлекет тарапынан бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда:
* халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
* отбасы құндылықтарын насихаттау;
* тұрмыстық жанжалдардың алдын алу;
* қауіп тобына жататын отбасылармен профилактикалық жұмыс жүргізу;
* зардап шеккен азаматтарға психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету;
* мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылын күшейту.
Отбасындағы өзара сыйластық, түсіністік пен жауапкершілік – зорлық-зомбылықтың алдын алудың басты кепілі. Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, отбасы мүшелерінің құқықтарын құрметтеуі қажет.
Егер сіз немесе жақындарыңыз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болса, үнсіз қалмаңыз. Уақытылы көмекке жүгіну құқықтарыңызды қорғауға және қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бақытты отбасы – берік қоғамның негізі. Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!
Наше сообщество в Вконтакте. Подпишись, чтобы быть в курсе новостей!

