29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Понедельник, 30 марта

Как в Акмолинской области проходит паводковый период

Паводковый период на территории области проходит в штатном режиме. Затяжная весна с ночными заморозками обеспечила безопасный пропуск талых вод, однако регион вступает в активную фазу половодья. Основной приток воды ожидается из лесных массивов и речных бассейнов: по реке Жабай — с 1 по 6 апреля, по Калкутану — со 2 по 8 апреля, а по Есилю — в середине следующего месяца.

В текущем году значительно усилены превентивные меры. Охват взрывных работ на реках увеличен на четверть, а количество задействованных участков выросло на 54%. Профилактические мероприятия уже проведены на ключевых артериях региона, включая Атбасарский и Ерейментауский районы. Для круглосуточного мониторинга ситуации на опасных отрезках организовано более 90 постов наблюдения.

Мы значительно увеличили охват взрывных работ, чтобы предотвратить резкий подъем уровня воды и образование ледяных заторов. Сейчас все службы работают в круглосуточном режиме, моторы не глушим. Главная задача — обеспечить полную готовность сил и средств к пиковым нагрузкам

— отмечают в управлении по мобилизационной подготовке, территориальной и гражданской обороне.

Масштабы подготовки подтверждаются показателями по очистке территорий: в этом сезоне из населенных пунктов вывезено порядка 3 млн кубометров снега, что в полтора раза больше прошлого года. В противопаводковых мероприятиях задействовано 1,5 тысячи человек и около тысячи единиц техники, включая бригады территориальной обороны. Все водопропускные сооружения и сотни километров арычных систем полностью очищены.

Контроль за состоянием рек ведется в цифровом формате с использованием авиации, дронов и информационной системы «Таскын». На наиболее опасных участках уложены тысячи мешков с инертным материалом, еще четверть миллиона единиц мешкотары находятся в резерве. За каждым паводкоопасным районом закреплены областные службы для оперативного реагирования.
Наш блог в Twitter! Будь в курсе новостей!
Ақмола облысының аумағында бүгінгі таңда су тасқынына қатысты жағдай тұрақты қалыпта отыр. Биылғы көктемнің ерекшелігі сол, күн райы алдын ала болжанғандай созылмалы сипат алуда. Күндізгі жылымық пен түнгі аяздың алмасуы, сондай-ақ жиі болатын тұмандар қар суының бірден емес, біртіндеп ағуына септігін тигізіп, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Топырақтың тоң қабаты да жіби бастады, ал жақын күндері күтілетін аздаған жауын-шашын қазіргі ахуалға айтарлықтай қауіп төндіре қоймайды.

Қазіргі уақытта далалық аймақтарда қар қарқынды еріп жатыр, бірақ бұл үрдіс өте баяу әрі тыныш өтуде. Ендігі кезекте аймақ тасқынның ең белсенді кезеңіне аяқ басты. Бұл кезең негізінен орманды алқаптардан келетін сумен және ірі өзендердің арнасымен байланысты болмақ. Мәселен, сәуір айының алғашқы жартысында Жабай, Қалқұтан және Есіл өзендерінің бассейндерінде су қозғалысы күшейеді деп күтілуде.

Мамандар су деңгейінің күрт көтерілуіне жол бермеу үшін биыл мұз жару жұмыстарының көлемін айтарлықтай арттырды. Өткен жылмен салыстырғанда, жару жұмыстары жүргізілген өзендер мен учаскелердің саны едәуір көбейді. Бұл шаралар мұз кептелістерін болдырмауға және судың еркін ағуына жол ашады. Жақында ғана Атбасар және Ерейментау аудандарындағы қауіпті учаскелерде осындай жұмыстар сәтті жүргізіліп, мұз құрсаулары жойылды

— деп атап өтуде өңірлік жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасында.

Қазіргі таңда қауіпті аймақтарда арнайы бақылау бекеттері тәулік бойы кезекшілік етуде. Тасқынмен күреске мыңдаған маман мен жүздеген техника жұмылдырылды. Астрахан, Есіл және Атбасар аудандарында әскери бригадалар жергілікті қызметтерге белсенді көмек көрсетіп жатыр. Барлық су өткізу құрылыстары мен арық-канал жүйелері алдын ала тазартылды. Сонымен қатар биыл елді мекендерден шығарылған қардың мөлшері де өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп.

Жағдайды бақылауда ұстау үшін заманауи технологиялар да кеңінен қолданылуда. Дрондар арқылы әуеден мониторинг жүргізіліп, арнайы ақпараттық жүйелер мен гидрометеорологиялық болжамдар негізінде жедел шешімдер қабылданып отыр. Әрбір қауіпті ауданға жауапты қызметтер бекітілген, сондықтан бұл мәселе билік органдарының тікелей бақылауында.