29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

Как в Акмолинской области защищают права покупателей

В регионе вопросы качества товаров и добросовестности бизнеса становятся ключевым фактором социальной стабильности. О том, как в регионе выстраивают прозрачные отношения между предпринимателями и покупателями, рассказал заместитель руководителя областного департамента торговли и защиты прав потребителей Самат Сайдалин.

Главным индикатором ситуации на рынке остается активность самих жителей. За прошлый год в ведомство поступило около 1000 обращений, большинство из которых касались интернет-торговли и бытовых услуг. Примечательно, что 83% жалоб были решены в пользу граждан, что подтверждает эффективность принимаемых мер.

За каждой цифрой стоит конкретный человек и его проблема. Для нас важно не просто предоставить ответ, но и предотвратить возникновение подобных ситуаций в будущем

— подчеркнул спикер.

Особое внимание уделили стоимости социально значимых продуктов. В прошлом году контроль за торговыми надбавками заметно ужесточился: к ответственности привлекли 193 предпринимателя, необоснованно завышавших цены. Всего же административные взыскания получили 216 представителей бизнеса.

По словам специалистов, доступность товаров повседневного спроса остается приоритетом, поэтому в регионе активно внедряются социальные инициативы, такие как акция «Наурыз Fest», предлагающая жителям скидки с 13 по 23 марта.

Вопросы безопасности и качества продукции также находятся под пристальным наблюдением в рамках проекта «Сапалы өнім». В ходе проверок эксперты выявили нарушения в маркировке товаров, напомнив бизнесу, что качество — это прежде всего предоставление потребителю полной и достоверной информации.

Несмотря на положительную динамику, в регионе сохраняются проблемные зоны: уклонение некоторых предпринимателей от приема претензий и нарушения в сфере строительства. Тем не менее, как отметил Самат Сайдалин, ведомство планомерно переходит от модели жесткого контроля к модели партнерства. Сегодня соблюдение прав потребителей становится главным условием для стабильной работы любого предприятия в Акмолинской области.
Наша страница в Фейсбук! Подпишись!
Ақмола облысында тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі – өңірдегі әлеуметтік тұрақтылық пен халық сенімінің маңызды бөлігі. Бұл туралы брифинг барысында облыстық Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Самат Сайдалин мәлімдеді.

Оның сөзінше, нарықтағы жағдайды көрсететін негізгі көрсеткіштердің бірі – тұрғындардың өтініштері. Өткен жылы департаментке шамамен 1000 өтініш түскен. Бұл – халықтың өз құқықтарын қорғауға белсенді екенін білдіреді. Шағымдардың көбі бөлшек сауда, интернет арқылы сауда жасау, тұрмыстық және туристік қызметтерге қатысты болған. Өтініштердің 83 пайызы оң шешімін тапқан.

Әрбір санның артында нақты адам мен оның шешілген мәселесі тұр. Біз үшін тек жауап беру емес, осындай жағдайлардың алдын алу да маңызды

– деді Самат Сайдалин.

Өткен жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бақылау жұмыстары да күшейтілді. Сауда үстемесін заңда белгіленген мөлшерден асырған 193 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды, жалпы 216 бизнес өкілі әкімшілік жаза алды. Мамандардың айтуынша, күнделікті тұтынатын тауарлар халық үшін қолжетімді болуы керек.

Осы мақсатта өңірде түрлі әлеуметтік бастамалар жүзеге асырылып жатыр. Соның бірі – 13-23 наурыз аралығында өтетін «Наурыз Fest» акциясы. Бұл шара кезінде тұрғындарға жеңілдіктер ұсынылып, отандық өнімдерге қолдау көрсетіледі. Сауда орындары арзандатылған тауарлардың нақты болуына және ашықтыққа ерекше көңіл бөліп отыр.

Сапа мен қауіпсіздік мәселесі де назардан тыс қалмаған. «Сапалы өнім» аясында тексерулер жүргізіліп, кейбір тауарларда таңбалау талаптарының бұзылғаны анықталған. Мамандардың айтуынша, сапа – тек стандартқа сай болу ғана емес, тұтынушыға дұрыс әрі толық ақпарат беру.

Ақпараттық жұмыстар да белсенді жүргізілген. Бір жыл ішінде БАҚ-та 200-ден астам материал жарияланып, әлеуметтік желілерде 2700-ден аса жазба шыққан. Тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, алдын алу шараларына мән берілуде.

Дегенмен, шешімін күткен мәселелер де бар. Кейбір кәсіпкерлер шағымдарды қабылдаудан жалтарады, құрылыс саласында бұзушылықтар кездеседі, интернет саудада тәуекелдер бар. Сонымен қатар, келісімшарт тәртібін сақтамау мәселесі де өзекті болып отыр.

Біздің мақсат – тек заң бұзушылықты анықтау емес, оның алдын алу. Қазір біз бақылаудан серіктестікке көшіп келеміз

– деді Самат Сайдалин.

Жалпы, Ақмола облысында тұтыну нарығы тұрақты. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, халықтың құқықтарын қорғау күшейтіле береді.