29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Понедельник, 23 марта

После тысяч гостей Наурыза: кокшетауцы вышли на экоакцию в Тазару күні

23 марта, в заключительный день декады Наурызнама, который носит символичное название Тазару күні, в Кокшетау прошла экологическая акция «Таза ел біздің қолымызда». С раннего утра на городскую набережную «Жаңа жағалау» вышли эковолонтеры, молодежные активисты и представители общественности, чтобы привести в порядок территорию после праздничных гуляний.

Именно на этой локации в этом году развернулось главное празднование Наурыза в Кокшетау. Тысячи горожан и гостей города приходили сюда семьями: здесь звучала музыка, работали концертные площадки, проходили народные игры, готовились национальные угощения, а праздничная атмосфера не стихала до самого вечера. Пространство набережной на один день превратилось в большую открытую площадку народного праздника.

Однако традиции Наурызнама предполагают продолжение праздника через конкретные действия. Завершающий день декады — Тазару күні — посвящен очищению и обновлению: в этот день люди приводят в порядок свои дома, дворы, улицы и общественные пространства. Поэтому уже на следующее утро после народных гуляний молодежные активисты и волонтеры собрались на набережной, чтобы вернуть ей привычную чистоту и ухоженный вид.

Около двухсот человек распределились вдоль прогулочной зоны, собирая мусор, очищая газоны и береговую линию. Работа шла быстро и организованно: участники акции двигались от одной части набережной к другой, постепенно приводя территорию в порядок. Для многих это стало символичным продолжением праздника — возможностью завершить Наурыз добрым делом.

Тазару күні в декаде Наурызнама символизирует обновление и заботу о пространстве, в котором мы живем. Накануне на набережной “Жағалау” прошли масштабные народные гуляния, и сегодня мы видим, как молодежь и жители города выходят, чтобы навести порядок. Это хорошая традиция, когда праздник продолжается через реальные дела и ответственное отношение к своему городу

— отметил руководитель МРЦ г. Кокшетау Аянбек Халийханулы.

Особую активность в экологической инициативе проявили молодые волонтеры.

Вчера здесь было очень много людей, проходили большие гуляния, и сегодня мы решили прийти и помочь привести все в порядок. Это наш город, мы сами здесь гуляем, отдыхаем, поэтому важно, чтобы такие места оставались чистыми. Когда делаешь это вместе с друзьями и другими волонтерами, чувствуешь, что действительно приносишь пользу

— рассказал волонтер UNICEF Даниал Жагупаров.

Завершая праздничную декаду Наурызнама, жители Кокшетау показали, что обновление и чистота начинаются с простых, но важных поступков — с готовности выйти и сделать свой город лучше.
Наша страница в Фейсбук! Подпишись!
23 наурыз – Наурызнама онкүндігінің қорытынды күні, символдық мәні зор Тазару күніне орай Көкшетау қаласында «Таза ел – біздің қолымызда» атты экологиялық акция өтті. Таңертең ерте қаладағы «Жаңа жағалау» аумағына эковолонтерлер, жастар белсенділері және қоғам өкілдері жиналып, мерекелік іс-шаралардан кейінгі аумақты тазартуға кірісті.

Биыл дәл осы жағалауда Көкшетаудағы Наурыз мейрамының негізгі думаны өткен болатын. Мыңдаған қала тұрғындары мен қонақтар отбасыларымен келіп, концерттік бағдарламаларды тамашалап, ұлттық ойындарға қатысып, дәстүрлі тағамдардан дәм татты. Бір күнге бұл аумақ халықтық мерекенің үлкен ашық алаңына айналды.

Алайда Наурызнама дәстүрі мерекені нақты істермен жалғастыруды көздейді. Онкүндіктің соңғы күні – Тазару күні – тазалық пен жаңарудың белгісі. Бұл күні адамдар өз үйлерін, аулаларын, көшелері мен қоғамдық орындарды ретке келтіреді. Сондықтан халықтық мерекеден кейінгі күні жастар мен еріктілер жағалауға қайта жиналып, оның тазалығы мен көркін қалпына келтіруге белсене атсалысты.

Шамамен екі жүзге жуық адам серуендеу аймағы бойына бөлініп, қоқыс жинап, көгалдар мен жағалау сызығын тазалады. Жұмыс ұйымдасқан түрде, жүйелі жүргізілді. Қатысушылар аумақтың бір бөлігінен екінші бөлігіне жылжып отырып, жағалауды толық ретке келтірді. Көпшілік үшін бұл игі іс Наурызды мағыналы түрде аяқтаудың, жақсылықпен қорытындылаудың бір көрінісіне айналды.

Тазару күні – Наурызнама онкүндігінің маңызды бөлігі. Ол жаңару мен қоршаған ортаға деген жауапкершілікті білдіреді. Кеше жағалауда ауқымды мерекелік іс-шаралар өтті, ал бүгін қала жастары мен тұрғындары тазалық жұмыстарын жүргізуге шықты. Бұл – мерекені нақты істермен жалғастырудың жарқын үлгісі

– деп атап өтті Көкшетау қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Аянбек Халийханұлы.

Экологиялық бастамаға әсіресе жастар белсенді қатысты.

Кеше бұл жерде адам өте көп болды, үлкен мерекелік шаралар өтті. Бүгін біз келіп, аумақты тазалауға көмектесуді жөн көрдік. Бұл – біздің қаламыз. Өзіміз осы жерде демаламыз, серуендейміз. Сондықтан мұндай орындардың таза болуы маңызды. Достарымызбен бірге осындай іске қатысу – пайдалы іс жасап жатқанымызды сезіндіреді

– деді UNICEF еріктісі Даниял Жагупаров.

Осылайша, Наурызнама онкүндігін қорытындылаған Көкшетау тұрғындары жаңару мен тазалық әрбір адамның қарапайым, бірақ маңызды әрекеттерінен басталатынын іс жүзінде көрсетті.