29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Воскресенье, 8 февраля

@qazaqparat_kz

Азаматтардың кейбір ұсыныстарын Конституция жобасына қосуға болады — Бақыт Нұрмұханов

— Конституция жобасының мемлекеттік тілдегі мәтіні бойынша атқарылып жатқан жұмыс оның орыс тіліндегі мәтініне елеулі және оң ықпал етіп отыр. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның 9-отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов айтты.

— Жаңа Конституция жобасы жарияланған сәттен бастап Конституциялық комиссияға түрлі арналар арқылы 4 мыңнан астам ұсыныс келіп түсті. Азаматтар, ғылыми қауымдастық өкілдері, құқықтанушылар мен үкіметтік емес ұйымдар конституциялық ережелерге айрықша көңіл бөліп отыр. Олар болашақ Конституция жобасына бүкілхалықтық талқылау аясында жоғары белсенділік танытып отыр. Конституциялық комиссия әрбір ұсынысты, пікір мен ескертуді мұқият зерделеуде. Талдау нәтижелері көрсеткендей, олардың кейбіреулерін жобаға енгізуге болады, — деді ол.