Служба в органах внутренних дел – это жизненный путь, требующий дисциплины и настойчивости. Одной из тех, кто честно идет этим путем и добросовестно трудится, является старшина полиции Жумажанова Гульмира Жолаушиевна.
Гульмира Жолаушиевна начала свою служебную деятельность в 2009 году в ДВД Акмолинской области, с должности техника отдела связи. Благодаря ответственности и аккуратности она с первых дней зарекомендовала себя как преданный своему делу сотрудник. В 2012 году она ушла в отпуск по уходу за ребенком, посвятив три года семье.
В 2015 году Гульмира вновь вернулась к службе и продолжила трудовую деятельность в Линейном отделе внутренних дел на станции Кокшетау. В настоящее время этот отдел называется Отдел полиции на транспорте на станции Кокшетау. Здесь Гульмира работает старшиной группы тылового обеспечения. Ее опыт работы в сфере тыла приближается к десяти годам, и за это время она стала настоящим профессионалом своего направления.
Тыл – это та часть работы, которая не всегда заметна, но именно она обеспечивает стабильную и системную деятельность всего подразделения. Документооборот, материально-техническое обеспечение, отчетность и внутренний порядок – важные составляющие, объединяющие ритм работы подразделения. Гульмира выполняет каждую из этих задач с высокой ответственностью, отличаясь аккуратностью и доброжелательным характером.
Преданность службе и уважение к дисциплине – основа ее профессионального облика. Среди коллег Гульмира Жолаушиевна ценится как надежный, трудолюбивый и требовательный сотрудник. Для нее погон – не просто звание, а символ ответственности перед обществом.
Важную роль играет и семейное воспитание: один из ее детей учится в академии внутренних дел, а дочь мечтает в будущем служить в полиции. Это отражает преданность Гульмиры своему делу и преемственность духовных ценностей в семье.
Трудовой путь Гульмиры – яркий пример стойкости и профессионализма женщины в погонах. Своим трудом она вдохновляет молодых специалистов и показывает, что служба в органах внутренних дел – это ответственная и почетная миссия.
Мы в Instagram! Подпишись, чтобы быть в курсе новостей!
Ішкі істер органдарындағы қызмет – тәртіп пен табандылықты талап ететін өмірлік жол. Сол жолдан таймай, адал еңбек етіп келе жатқан жанның бірі – полиция старшинасы Жұмажанова Гүлмира Жолаушықызы.
Гүлмира Жолаушықызы қызмет жолын 2009 жылы Ақмола облысының ІІД құрамында, байланыс бөлімінің технигі лауазымынан бастаған. Жауапкершілігі мен ұқыптылығының арқасында жас маман кезінен-ақ өз ісіне берілген қызметкер екенін көрсете білді. 2012 жылы бала күтімі бойынша демалысқа шығып, үш жыл уақытын отбасына арнады.
2015 жылы Гүлмира қызметіне қайта оралып, Көкшетау станциясындағы Ішкі істер желілік бөлімінде еңбек жолын жалғастырды. Қазіргі таңда бұл бөлім Көкшетау станциясындағы Көліктегі полиция бөлімі деп аталады. Осы бөлімде Гүлмира тылдық қамтамасыз ету тобының старшинасы болып қызмет атқарады. Тыл саласындағы еңбек тәжірибесі он жылға жуықтап, бұл бағытта өз ісінің кәсіби маманына айналды.
Тыл – сырт көзге көп көрінбейтін, бірақ бөлімнің тұрақты әрі жүйелі жұмысын қамтамасыз ететін маңызды буын. Құжаттардың реттелуі, материалдық қамтамасыз ету, есептілік пен ішкі тәртіп – бүкіл бөлімнің тынысын біріктіріп тұратын жауапты сала. Гүлмира осы міндеттердің әрбірін жоғары талаппен орындап, жұмыстағы ұқыптылығы мен жайдары мінезімен ерекшеленеді.
Қызметке деген адалдық пен тәртіпке деген құрмет – оның кәсіби болмысының негізі. Әріптестері арасында сенімді, еңбекқор, талапшыл қызметкер ретінде бағаланатын Гүлмира Жолаушықызы үшін погон – тек лауазым емес, қоғам алдындағы жауапкершіліктің символы.
Отбасындағы тәрбиенің де салмақты негізі бар: балаларының бірі ішкі істер академиясында білім алып жүр, ал қызы болашақта полиция қызметінде еңбек етуді армандайды. Бұл – Гүлмираның өз ісіне деген адалдығы мен отбасындағы рухани тәрбие сабақтастығының көрінісі.
Гүлмираның еңбек жолы – погондағы әйелдің қайсарлығы мен кәсібилігінің айқын дәлелі. Ол өз еңбегімен жас мамандарға шабыт беріп, ішкі істер органдарында қызмет етудің жауапты әрі мәртебелі жол екенін көрсетіп келеді.

