29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Воскресенье, 24 ноября

Пресс-служба Национальной гвардии РК

«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм»

2024 жылдың 12 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына үндеуінің негізгі қағидаларын талқылауға арналған магистратура кафедрасында білім алып жүрген әскери қызметшілер құрамының отырысы ұйымдастырылды.

Кафедра магистранттары Президент Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған Жолдауын жылы қабылдап, ел өміріне серпіліс беретін жағымды жаңалықтарға куә болып,  халықтың өмір сүру сапасын арттырып, əлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған жолдауы туралы кеңінен əңгіме өрбітіп, өз пікірлерін ортаға салды. Жолдауда мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқығын қорғау, қала көшелеріндегі заң мен тәртіпті сақтау жолында жауынгерлік әзірлікті одан әрі күшейте түсу керектігі секілді мәселелер қызу талқыланды.

Іс-шара ұйымдастырушысы подполковник Руслан Темірбайұлы Бейсенов, магистранттар тобына жолдаудың негізгі бағыттарына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қатысушы қонақтармен таныстырды. Олардың ішінде «Аманат» партиясы «Болашақ» филиалының жауапты хатшысы Александр Викторович Зель, Петропавл қаласының ардагерлер кеңесінің орынбасары Иманғали Сұлтанұлы Татваев және кафедра бастығы полковник Мұрат Асқарұлы Шапашев пен академия бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары полковник Ерден Еркінұлы Балгимбаев та бар.

Кафедра бастығы Мұрат Асқарұлы, бұл жолдауда Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскерлерінің алдында зор міндеттің тұрғаны, мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқығын қорғау, қала көшелеріндегі заң мен тәртіпті сақтау жолында жауынгерлік әзірлікті одан әрі күшейте түсуідің қажет екенін, ол үшін Ұлттық ұланның әр әскери қызметшісі өзінің жеке жауапкершілігін арттырып, кәсіби шеберлігін пысықтап, әскери өмірде заң мен тәртіпті қатаң сақтауды естен шығармаулары жайлы хабарлап кеңінен түсіндірді.

Жиын барысында қатысушылар Жолдауда көрсетілген міндеттер бойынша өз ойларын ортаға салды, сондай-ақ,  әскер қатарындағы заң мен тәртіптің сақталуына тоқтала отырып, Президент Жолдауында айтылып кеткен міндеттер мен мақсаттарды ойдағыдай жүзеге асыру, сонымен бірге үлкен жауапкершілік жүктелгенін де сөзге тиек етті.

Шара соңында магистранттармен мен келген қонақтар құрамы айтылған бағыттардың әрқайсысы аса маңызды болып табылатыны жайлы өз ой-пікірлерімен бөлісе отырып, Президент Жолдауын насихаттап, білім мазмұнын жаңарту бойынша жасалып жатқан реформаларға қолдау көрсететінін, Жолдаудағы міндеттерді орындауға үлес қосатынын жеткізді. Одан әрі өңіріміздің құрметті азаматтарына мадақтама қағазын табыс етті.

Мы в Instagram! Подпишись, чтобы быть в курсе новостей!