29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Четверг, 19 сентября

Глава государства выступил с Посланием народу Казахстана (полный текст, каз., рус языки)

Президент Касым-Жомарт Токаев на совместном заседании палат Парламента обнародовал Послание народу Казахстана «Справедливый Казахстан: закон и порядок, экономический рост, общественный оптимизм».

Глава государства в начале своего выступления отметил, что Парламентом страны принято 102 закона, в числе которых законы об общественном контроле, противодействии торговле людьми, науке и технологической политике, теплоэнергетике и другие. По его словам, огромное внимание было уделено социальным вопросам, в особенности защите детей.

Президент сообщил, что было предпринято немало системных шагов, нацеленных на повышение благополучия народа. Он подчеркнул, что довольствоваться достигнутым нельзя – впереди еще много работы.

Народ Казахстана сегодня живет в совершенно новой политической реальности. За последние пять лет реализованы масштабные реформы, через кардинальную трансформацию прошла политическая система. Фундаментальные изменения происходят в общественном сознании, повышается уровень правовой культуры граждан, в обществе формируются новые модели поведения и укореняются новые ценности. Началось обновление политической и общественной жизни, менталитета и культурного кода нации. Одним словом, идет строительство Справедливого Казахстана, и, что особенно важно, все это полностью соответствует чаяниям народа. Поэтому мы продолжим неуклонно следовать нашим стратегическим курсом и не свернем с намеченного пути

– заявил Касым-Жомарт Токаев.

Обращаясь к народу Казахстана, Глава государства выступил с рядом инициатив, направленных на дальнейшее социально-экономическое  развитие страны, устранение дисбалансов между денежно-кредитной и фискальной политиками, улучшение инвестиционного климата и условий для ведения бизнеса, полноценного раскрытия промышленного потенциала, решение первоочередных инфраструктурных проблем, повышение кадрового потенциала страны, реализацию комплексных мер для укрепления здоровья нации и перезагрузки системы социальной поддержки граждан, улучшение экологической ситуации и культивирование бережного отношения к окружающей среде, кардинального повышения эффективности государственного управления, а также всемерного утверждения в обществе идеологии закона и порядка.

Президент назвал главными задачами государства – обеспечение устойчивого социально-экономического прогресса, всестороннее раскрытие созидательного потенциала граждан и реальное повышение благосостояния народа.

У нас есть четкое видение долгосрочных перспектив развития нашего государства. Для достижения поставленных высоких целей нам необходимо сохранять сплоченность, проявлять взаимную поддержку и уважение. Благодаря единству наш народ всегда достойно преодолевал различные вызовы. Так будет и впредь. Давайте вместе сделаем нашу Родину справедливым и развитым государством, в котором каждый может найти свое призвание и претворить мечты в реальность. У нас общая высокая миссия – построить для будущих поколений Справедливый Казахстан, государство равных возможностей для всех и каждого. Для этого как Глава государства я приложу все усилия. Уверен, и вы будете неустанно трудиться во имя общей цели

– подчеркнул Касым-Жомарт Токаев.

Полный текст Послания Президента:

Мемлекет басшысы:

«Автокөлік жолдарының жай-күйі – өзекті мәселе. Мен бұл туралы осыған дейін де айттым. Биыл елімізде 12 мың шақырымға жуық жол салынып, жөнделіп жатыр. Қазақстанда мұндай ауқымды жұмыс бұрын-соңды болмаған. Астана-Алматы, Ақтөбе-Атырау-Астрахань, Талдықорған-Өскемен бағытындағы күре жолдарды қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып қалды.

2,5 мың шақырымға созылатын облысаралық және ауданаралық жолдарды орта деңгейде жөндеуге арналған бағдарламаның мән-маңызы зор. Дәл осы жолдармен жұрт өте жиі жүреді. Сондықтан бағдарламаның ауқымын кеңейтіп, оған кемінде 10 мың шақырым жолды қамтуды тапсырамын. Әрине, мұнда саннан гөрі сапа маңыздырақ. Сол үшін инновациялық заманауи әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданған абзал. Бұл жұмысқа қоғамдық бақылауды күшейту үшін бірыңғай цифрлық платформаны іске қосқан жөн. Онда барлық жолды, соның ішінде, қала аумағындағы жолдарды салуға және жөндеуге қатысты ақпарат болуы керек»

Глава государства:

«Актуальным вопросом является состояние наших автодорог. Об этом я уже говорил. В текущем году по всей стране ремонтируется и строится около 12 тысяч км автомобильных дорог, что является беспрецедентным объемом для Казахстана. Завершается реконструкция трасс Астана – Алматы, Актобе – Атырау – Астрахань, Талдыкорган – Усть-Каменогорск.

Большое значение имеет программа среднего ремонта, которая уже охватывает 2,5 тысячи км межобластных и межрайонных автодорог. Именно эти дороги пользуются высоким спросом у граждан. Поэтому поручаю масштабировать данную программу с охватом не менее 10 тысяч км дорог по всей стране. Разумеется, качество в особом приоритете. Для этого нужно шире применять инновационные методы и передовые решения. С целью усиления общественного контроля следует запустить единую цифровую платформу, на которой будет отражаться вся информация о строительстве и ремонте дорог, в том числе внутригородских»

Президент:

«Қазақстан цифрландыру саласында қол жеткізген жетістіктерін еселей түсуге тиіс. «Электронды үкімет» платформасына жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу қажет. Қазақстан жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын және цифрлық технологияларды дамытып жатқан елге айналуға тиіс. Бұл – Үкіметтің басты міндетінің бірі. Парламент депутаттарын осы жұмысқа атсалысуға шақырамын.

Келесі жылы Астанада Жасанды интеллект ұлттық орталығын іске қосу керек. Бұл орталық оқушылар, студенттер, ғалымдар және кәсіпкерлер үшін әрдайым ашық болады.

Цифрлық активтер мен майнингті заңмен реттеп, криптобиржаларды одан әрі дамыту ісін жалғастырған жөн. Елімізде экономикаға қажетті электр қуатын өз керегіне шамадан тыс пайдаланатын, сөйте тұра салықты аз төлейтін кәсіпкерлер бар. Міне, осындайларды жөнге салу керек.

2025 жылы Каспий теңізі арқылы талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жобасы аяқталмақ. Еліміз үшін бұл жобаның маңызы зор. Сол арқылы мәліметтердің халықаралық арнасымен және трансшекаралық ағынымен байланысты цифрлық инфрақұрылым құра аламыз. Жалпы, телекоммуникация желілері мен дата-орталықтарын барынша жетілдіруге, кибер-қауіпсіздіктің әлемдік стандарттарын енгізуге және мамандарымыздың біліктілігін арттыруға қатысты жұмысты жалғастыру керек»

Президент:

«Казахстан обязан усилить достигнутые результаты в сфере цифровизации. Следует активно внедрять технологии искусственного интеллекта в платформу «электронного правительства». Казахстан должен стать страной, где широко применяется искусственный интеллект и развиваются цифровые технологии. Это приоритетная задача Правительства. Прошу депутатов Парламента подключиться к данной работе.

В следующем году в Астане нужно запустить Национальный центр искусственного интеллекта, который будет открыт для школьников, студентов, исследователей, предпринимателей.

Необходимо продолжить работу по улучшению нормативного регулирования цифровых активов и майнинга, дальнейшему развитию криптобирж. У нас имеются предприниматели, которые потребляют большое количество электроэнергии в ущерб экономике, но налоги в должном объеме не платят. Вот с ними нужно разбираться.

В 2025 году предстоит завершить и проект прокладки волоконно-оптической линии связи через Каспийское море. Это крайне важно для нашей страны с точки зрения создания цифровой инфраструктуры, сопряженной с международными коридорами и трансграничными потоками данных. В целом, нужно продолжить активное развитие телекоммуникационных сетей, дата-центров, внедрять мировые стандарты кибербезопасности, повышать компетенции наших специалистов»

Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Әуе хабтарын дамыту – өте маңызды міндет. Қазақстанның әуе кеңістігі арқылы жыл сайын 150 мың тоннаға жуық жүк тасымалданады. Алдағы төрт жылда бұл көрсеткішті екі есе ұлғайтуға болады. Әуежайларымыздың жүк тасымалдау мүмкіндігін арттыру үшін барлық жағдайды жасау керек.

Ішкі әуе бағдарларын дамытуға айрықша назар аударған жөн. Бұл, әсіресе, негізгі туризм нысандарының инфрақұрылымын жақсарту үшін маңызды.

Балқаш және Алакөл демалыс аймақтарындағы ұшу-қону жолақтары толық жаңғыртылды. Қатонқарағай, Зайсан және Кендірлі өңірлерінің де туристік әлеуетін дұрыс пайдалану қажет. Осындай демалыс аймақтарында сапасы жоғары жол инфрақұрылымы бар әуе бекеттері мен әуежайлар салу керек. Өнеркәсіпті дамыту қорының есебінен кіші авиация ұшақтарын алған жөн.

Туризм жобаларын жүзеге асырғанда табиғатқа зиян келтірмей, экологияны сақтау барынша маңызды екенін ерекше атап өткім келеді»

Касым-Жомарт Токаев:

«Важнейшая задача – развитие аэрохабов. В Казахстане ежегодно обрабатывается около 150 тысяч тонн авиагрузов. В ближайшие четыре года этот показатель можно увеличить в два раза. Предстоит создать все условия для расширения возможностей наших аэропортов по транспортировке грузов.

В зоне пристального внимания должно быть развитие внутренних авиамаршрутов, особенно это касается вопроса инфраструктуры на основных туристических объектах.

Взлетно-посадочные полосы курортных зон Балхаша и Алаколя уже модернизированы. Предстоит раскрыть потенциал курортных зон Катон-Карагая, Зайсана и Кендирли. В курортных зонах нужно строить аэровокзальные комплексы и аэропорты с подведением качественной дорожной инфраструктуры. За счет Фонда развития промышленности следует приобрести воздушные суда малой авиации.

Хочу особо отметить, что при реализации туристических проектов важно не нарушить экологический баланс, избежать ущерба природе»

Мемлекет басшысы:

«Келесі. Ирригация жүйелері және жалпы су шаруашылығы мәселесімен мұқият айналысу қажет.

Көктемдегі алапат тасқын бүкіл еліміз үшін үлкен сынақ болды. Сол қиын күндерде біз ынтымағы жарасқан ел екенімізді көрсеттік. Қазақстанның әр аймағынан жиналған еріктілер мен жанашыр азаматтар зардап шеккен жұртқа көмек қолын созды. Менің елдік істен шет қалмау туралы үндеуіме ірі бизнес өкілдері де қолдау білдірді. Мемлекеттің батыл әрекеті мен халықтың өзара тілектес болуының арқасында аса қиын жағдайдан аман-есен өттік. Дегенмен орталық және жергілікті билік өкілдері осы оқиғадан сабақ алуы керек.

Қазіргі заманда біз кез келген қатерге дайын болуымыз қажет. Сондықтан қарғын суды жинап, диқандардың қажетіне жарату үшін оны дұрыс сақтай білген жөн. Гидрология бекеттерін жөндеп, жаңғырту қажет. Суды барынша үнемдеу жұмысын ұйымдастыру керек. Бұл – ең алдымен, ауыл шаруашылығына қатысты мәселе, яғни су үнемдеу технологиясын, әсіресе, ауыл шаруашылығында кеңінен қолдану қажет.

Су қорын жинап, оны тиімді пайдаланып, ирригация жүйесін дұрыс қолдана алсақ, бұл салаға да инвестиция тартуға болады. Сондықтан тариф саясатын реттеп, инвесторларға тиімді қолдау шараларын ұсыну қажет. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған маңызды міндет. Нақты жұмысқа кірісу керек»

Глава государства:

«Далее. Требуется предметно заняться ирригационными системами и в целом водной сферой.

Беспрецедентные весенние паводки, ставшие серьезным испытанием для всей страны, показали сплоченность нашего народа. Помощь пострадавшим оказывали волонтеры и неравнодушные граждане из всех регионов Казахстана. На мой призыв не оставаться в стороне откликнулся и крупный бизнес. Благодаря решительным действиям государства и солидарности народа мы смогли благополучно выйти из этой крайне сложной ситуации.

В то же время властям в центре и на местах требуется извлечь соответствующие уроки. В нынешних реалиях мы должны быть готовы к любым вызовам, поэтому предстоит научиться создавать запасы воды, собирая паводковые воды для нужд аграриев. Необходимо отремонтировать и модернизировать гидрологические посты, организовать работу по всемерной экономии воды. В первую очередь это касается сельского хозяйства, где следует шире применять водосберегающие технологии.

Системы ирригации, накопления и использования воды при правильном подходе могут стать привлекательной отраслью для инвестиций. Поэтому надо урегулировать тарифную политику и предложить инвесторам эффективные инструменты поддержки. Правительство обязано приступить к решению этой важной задачи»

Президент:

«БЕСІНШІ. Еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру өте маңызды.

Экономиканы білікті мамандармен қамтамасыз ету – аса өзекті міндет. Ең алдымен, су, энергетика, құрылыс және басқа да салаларда қатты байқалып отырған кадр тапшылығын жою қажет. Сондай-ақ болашақта сұранысқа ие болатын кәсіптер үшін білікті мамандар даярлау керек. Бұл бағытта нақты жұмыстар басталды.

Үкімет жоғары білім саласын халықаралық білім беру кеңістігімен ықпалдастырып жатыр. Қазірдің өзінде елімізде шетелдің белгілі 23 жоғары оқу орны жұмыс жүргізе бастады. Оларға мейлінше қолдау көрсету керек. Атап айтқанда, маман даярлауға берілетін мемлекеттік тапсырысты біртіндеп көбейткен жөн. Бұл тәсілді білім бағдарламасы заман талабына сай келетін өз оқу орындарымызға да қолдануға болады. Осы ретте грант құны жастарды сапалы оқытуға мүмкіндік беруге тиіс. Мемлекет қаржысын университеттің бәріне шашыратып, оңды-солды тарата беруге болмайды. Үздік университеттердің нақты сектормен байланысын нығайту керек.

Инновациялық саясатты еліміздің ғылыми-технологиялық басымдықтарымен үйлестіру қажет. Мұндай қадам әр саладағы инновацияға серпін береді. Сондай-ақ жоғары оқу орындарындағы қолданбалы ғылымның әлеуетін арттырады. Сонымен қатар ғалымдардың шетелдегі тағылымдамасын әншейін синекураға және «академиялық туризмге» айналдырмау керек.

Жоғары оқу орындары ғана емес, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері де білікті кадрлар даярлауы қажет. Үкімет колледжде жақсы оқыған түлектерді мамандығы бойынша мемлекеттік қызметке алу мүмкіндігін қарастыруға тиіс»

Президент:

«ПЯТОЕ. Важно последовательно повышать кадровый потенциал страны.

Обеспечение экономики квалифицированными кадрами – это самая насущная задача. Прежде всего предстоит преодолеть острую нехватку отраслевых специалистов: водников, строителей, энергетиков и многих других. Речь также идет о подготовке специалистов по профессиям будущего. Работа в данном направлении уже начата.

Правительством осуществляется интернационализация высшего образования – в страну привлечены 23 известных зарубежных вуза. Надо оказать всяческое содействие их деятельности, в том числе путем поэтапного расширения госзаказа на подготовку специалистов. То же самое касается и отечественных вузов, образовательные программы которых отвечают современным требованиям. Размер выделяемых грантов должен позволять организовать качественный образовательный процесс. Нельзя распылять государственные средства по всем университетам.

Предстоит усилить связь лучших университетов с реальным сектором экономики. Требуется синхронизировать инновационную политику с научно-технологическими приоритетами страны. Это позволит придать импульс отраслевым инновациям, раскрыть потенциал прикладной науки в вузах.

Нельзя также превращать стажировки ученых за рубежом в некую синекуру и «академический туризм». Квалифицированные кадры должны готовиться не только в вузах, но и в организациях технического и профессионального образования. Правительству следует рассмотреть возможность принятия в отраслевые госорганы выпускников колледжей, показавших высокие результаты»

Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Кәсіптік білім беру саласына реформа жасау – айрықша өзекті мәселе. Бұл – экономиканың өсімін қамтамасыз ету және инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін аса қажет қадам.

Мен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз.

Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді.

Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі.

Халқымызда «Жұмыстың көзін тапқан байлықтың өзін табады» деген сөз бар. Кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашанда лайықты бағасын алады. Бұл түсінікті қоғам санасына сіңіру қажет. Азаматтарға құрметті атақ берудегі түпкі мақсатымыз да – осы. Бұған дейін мұғалімдерге, дәрігерлерге және мәдениет қайраткерлеріне осындай атақтар беріле бастады. Бұл – өте жақсы бастама, оның аясын кеңейту керек»

Касым-Жомарт Токаев:

«Реформа профессионального образования становится абсолютно важной с точки зрения обеспечения роста экономики и ее инвестиционной привлекательности.

Объявляю 2025 год Годом рабочих профессий. За это время предстоит осуществить реформу системы технического и профессионального образования. Год рабочих профессий будет также содействовать продвижению в нашем обществе идеи трудолюбия и профессионализма.

Необходимо, чтобы люди, добившиеся успеха честным, усердным трудом, всегда пользовались уважением и почетом. Это полностью согласуется с нашим принципом «Ответственный гражданин – Честный труд – Заслуженный успех». Ценности трудолюбия и профессионализма в нашем обществе должны быть всегда на первом месте. Именно благодаря специалистам своего дела формируется новое качество нашей нации. Поэтому мы продолжим принимать последовательные меры для повышения статуса человека труда.

Не бывает плохой работы, любой труд – в почете. Главное, чтобы каждый гражданин выполнял свои обязанности добросовестно, с глубоким чувством ответственности. Только так наша страна достигнет высот на пути прогресса.

Не зря в народе говорят, что труд является залогом богатства («Жұмыстың көзін тапқан байлықтың өзін табады»). В нашем обществе должно сложиться понимание того, что честный и ответственный труд будет непременно оценен по достоинству. Этой цели, в том числе, служит присвоение гражданам почетных званий. Такие награды ранее были введены для учителей, врачей и деятелей культуры. Это очень хорошее начинание, следует шире применять данный подход»

Мемлекет басшысы:

«Біз түрлі саладағы мамандарға, қатардағы жұмысшыларға құрмет көрсетуіміз қажет. Бәсекеге қабілетті экономикасы бар озық ел боламыз десек, ең алдымен, адал еңбекті бағалаған абзал. Сондықтан инженерлерге, геологтарға, кен орнын игеруші мамандарға, ауыл шаруашылығы, көлік және су саласының қызметкерлеріне, ғалымдар мен өнертапқыштарға берілетін құрметті атақтар мемлекеттік марапаттар санатына қосылады. Еңбегінің мемлекеттік деңгейде бағалануы барша кәсіп иесіне ерекше шабыт береді, еңбек адамның абырой-беделін көтереді.

Еліміздің кадрлық әлеуетін арттыру ісінде орта білім беру жүйесі өте маңызды рөл атқарады. Менің тапсырмаммен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. 2025 жылдың соңына дейін заманауи үлгідегі 217 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Осы өте маңызды жұмысты «Самұрық-Қазына» қоры қадағалап отыр. Үкімет пен әкімдер бұл шаруаға белсене атсалысуға тиіс. Депутаттар да ортақ істен шет қалмайды деп ойлаймын.

Үкімет жайлы мектептерді арнайы басқару жүйесін енгізуді ойластыруы керек. Сонымен бірге, еліміздегі 1300 мектепке күрделі жөндеу жүргізу қажет. Үкімет әкімдермен бірге оны қаржыландыру көздерін анықтап, соның ішінде демеушілерден де қаражат тартып, 3 жыл ішінде бұл мектептерді толық жаңартуы керек.

Мемлекет кепілді төлемдер үшін қыруар қаражат бөледі. Оның ішінде жекеменшік мектептерге берілетін қаржы да бар. Мысалы, 250 мыңнан астам бала оқитын жекеменшік мектептерге биылдың өзінде бюджеттен 134 миллиард теңге бөлінді. Ата-аналар мемлекеттің жеке меншік мектептерге нақты көмек беріп жатқанын білуге тиіс. Осыған орай әр балаға норматив бойынша бөлінген қаражат көрсетіліп тұруы қажет. Сонда азаматтарымыз әлеуметтік бағдарламаларға бөлініп жатқан қаржы туралы шынайы ақпараттан хабардар болады»

Глава государства:

«Для построения конкурентоспособной экономики и поступательного прогресса страны нужно последовательно повышать престиж рабочих профессий и специалистов различных отраслей. Поэтому в систему государственных наград будут включены почетные звания для инженеров, геологов, разработчиков месторождений, работников транспортной, аграрной и водной отраслей, а также ученых и изобретателей. Признание их заслуг на государственном уровне станет хорошей мотивацией для всех профессионалов, повысит авторитет человека труда.

Огромную роль в укреплении кадрового потенциала страны играет среднее образование. По моему поручению реализуется национальный проект «Комфортная школа». До конца 2025 года планируется сдать в эксплуатацию 217 школ современного формата. Данный вопрос крайне актуален и находится на контроле фонда «Самрук-Казына». Правительство и акимы должны активно подключиться к этой работе. Полагаю, депутаты тоже не останутся в стороне. Для комфортных школ Правительство должно предусмотреть отдельную систему управления.

Вместе с тем по всей стране в капитальном ремонте нуждаются почти 1300 школ. Правительству совместно с акимами необходимо определить источники финансирования, включая спонсорские средства, и в течение трех лет провести реконструкцию данных школ.

Государство выделяет огромные средства на гарантированные выплаты, в том числе идущие на финансирование частных школ. К примеру, только в текущем году частным школам, в которых обучается более 250 тысяч детей, из бюджета выделено 134 млрд тенге. Родители должны знать о конкретной помощи государства частным школам. С этой целью следует показывать выделенные по нормативу суммы на каждого ребенка. Это даст обществу правдивую картину средств, выделяемых на социальные программы»

Президент:

«Бұдан бөлек, мектептердің жұмысын жақсарту шараларын қолға алған жөн. Мұғалімдердің біліктілігін арттыруға және әлеуметтік мәртебесін көтеруге көңіл бөлген абзал.

Ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты. Олар білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашады. Үздік оқу бағдарламасы, заманауи мектептер, озық басқару жүйесі болса да, ұстаз білікті болмаса, оның бәрі бекер екені анық. Сондықтан педагогикалық жоғары оқу орындарына талапты, қабілетті жастарды қабылдауға баса мән беру керек. Жалпы бұл бағыттағы жұмыстың беталысы жақсы, оны жалғастыру қажет.

Баланы мектепке дайындау мәселесіне айрықша назар аударған жөн. Мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ісіне мемлекетпен қатар ата-аналар да жауапты. Сондықтан мектепке дейінгі білім беру саласында әр балаға бөлінетін қаражат отбасының нақты табысына байланысты болуы керек. Осылайша, біз білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру арқылы шын мәнінде мұқтаж азаматтарға көмек көрсетеміз және мемлекеттік қолдаудың ашық болуын қамтамасыз етеміз. Түптеп келгенде, азаматтарымыздың әлеуетін арттырамыз»

Президент:

«Вместе с тем нужно принять меры по укреплению функционала школ, дальнейшему повышению квалификации и социального статуса наших педагогов.

Учителя – это интеллектуальный авангард страны, закладывающий фундамент долгосрочного прогресса нации. Мы можем иметь лучшие программы, современные школы и передовую систему управления, но ничего не добиться без хороших учителей. Поэтому необходимо уделить особое внимание набору в педагогические вузы целеустремленной, способной молодежи. Положительная тенденция в этом вопросе уже наметилась, теперь нужно ее закрепить.

Большое значение имеет подготовка детей к школе. За дошкольное воспитание и обучение ребенка солидарную ответственность, наравне с государством, несут и родители. Поэтому подушевое финансирование на дошкольное образование нужно привязать к реальным доходам каждой семьи. Таким образом, дальнейшее совершенствование системы образования позволит помочь действительно нуждающимся гражданам, повысит прозрачность государственной поддержки и, в целом, будет способствовать укреплению человеческого потенциала страны»

Қасым-Жомарт Тоқаев:

«АЛТЫНШЫ. Ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту керек.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі денсаулық сақтау саласына қосымша ресурстар әкеліп, жеке меншік медицинаға зор пайдасын тигізді.

Биыл денсаулық сақтау саласына бюджеттен 3,3 триллион теңге қаржы бөлінді. Бірақ, оның нәтижесі әлі көрініп жатқан жоқ. Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасында міндеттердің дұрыс бөлінбеуі бұрмаланған ақпараттың көбеюіне әкеп соқтырды. Науқастарға мемлекет кепілдік берген қызметтерді ақылы негізде алуды немесе бірнеше ай бойы кезек күтуді ұсыну жайттары аз емес. Бұған жол беруге болмайды.

Бюджеттің мүмкіндігі мен міндеттемесін ескере отырып, мемлекет кепілдік беретін медициналық көмектің бірыңғай базалық топтамасын жасау қажет. Ал одан асып кеткен шығынның бәрі сақтандыру жүйесі арқылы төленуге тиіс. Цифрландыру болмаса, мұндай ауқымды өзгерістерді сәтті жүзеге асыру мүмкін емес.

Бір-біріне байланысы жоқ ондаған бағдарлама мен ақпараттар базасының орнына бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпарат жүйесін жасау керек. Жаңа жүйе, меншік түріне қарамастан, мемлекеттік тапсырыс алатын медицина мекемелерінің бәріне толық бақылау жасалуын және мәліметтердің шынайы болуын қамтамасыз етуі қажет. Үкімет осы маңызды мәселені шешуге дереу кірісіп, бұл бағыттағы жұмыстың барысы жөнінде маған және депутаттық корпусқа есеп беріп отыруға тиіс»

Касым-Жомарт Токаев:

«ШЕСТОЕ. Необходимо реализовать комплексные меры для укрепления здоровья нации и перезагрузить систему социальной поддержки граждан.

Внедрение обязательного социального медицинского страхования содействовало значительному притоку дополнительных ресурсов в здравоохранение и пошло на пользу частной медицине.

В этом году в систему здравоохранения направлено почти 3,3 трлн тенге бюджетных средств. Однако отдача от таких вливаний все еще под вопросом. Перекосы между обязательствами всех участников системы медстрахования породили волну фальсификаций. Нередко пациентам предлагается получить гарантированные государством услуги на платной основе или ожидать их оказания в течение нескольких месяцев. Такая практика неприемлема.

Надо сформировать единый пакет базовой государственной медицинской помощи, сбалансированный с точки зрения возможностей и обязательств бюджета. Все, что сверх него, должно оплачиваться через систему страхования. Такие серьезные изменения не могут быть успешно реализованы без цифровизации.

Вместо нескольких десятков ныне действующих разрозненных программ и баз данных необходимо создать единую государственную медицинскую информационную систему. Она должна обеспечить сквозной контроль и объективность данных для всех организаций здравоохранения, получающих госзаказ, независимо от их формы собственности. Правительству следует безотлагательно заняться решением этой актуальной задачи и отчитываться о ходе работы мне и депутатскому корпусу»

Мемлекет басшысы:

«Еліміздегі денсаулық сақтау саласын дамыту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптeстік тетіктері арқылы ресурстарды белсенді тарту қажет. Өкінішке қарай, шетелдердің мемлекеттік-жекеменшік әріптeстікке қатысты озық тәжірибелері заңнамамызда толық көрініс тапқан жоқ. Мұның бәрі жобалардың тиімсіз болуына, бюджетке түсетін салмақтың тым артуына әкеп соқтырады. Бұл тәсілдерді қайта қарап, инвестиция тарту үшін ақылға қонымды тарифтер ұсыну қажет. Үкімет денсаулық сақтау және білім беру саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке қатысты жаңа нормативтер мен ережелер әзірлеуі керек.

Білікті медицина мамандарының тапшылығы – әлі де өзекті мәселе. Бұл мәселені шешу үшін, ең алдымен, медицина саласындағы білім сапасын барынша арттырған жөн. Соның ішінде грант құнын білім беру үдерістерінің деңгейіне қарай саралау арқылы белгілеп, тиімді тарату қажет.

Баршаңызға мәлім, мен бұқаралық спортты дамытуға ерекше
мән беріп отырмын. Жастарымыз дені сау, мықты азамат болып өсуі керек. Сондықтан ұлт саулығын сақтау үшін бұқаралық спорттың маңызы айрықша. Жақында мен Олимпиадаға қатысушылармен кездестім, спорттағы нақты міндеттер мен басымдықтарға тоқталдым. Шын мәнінде, бұл саладағы заңнаманы жаңартатын кез келді деп ойлаймын.

Заңға енгізілетін өзгертулер бұқаралық спорт пен балалар спортын дамытуға зор серпін береді. Сондай-ақ болашақ жеңімпаздар шоғырын даярлауға жол ашады. Депутаттар осы маңызды заң жобасына айрықша мән бергені жөн деп санаймын»

Глава государства:

«Для развития отечественного здравоохранения нужно активнее привлекать ресурсы через механизм государственно-частного партнерства. К сожалению, передовой зарубежный опыт государственно-частного партнерства пока не нашел полноценного отражения в нашем законодательстве, что приводит к неэффективности проектов, чрезмерной нагрузке на бюджет. Нужно пересмотреть подходы, важно предоставлять адекватные тарифы в обмен на инвестиции. Правительству следует сформировать отдельные нормативы и правила по государственно-частному партнерству для сфер здравоохранения и образования.

Остается актуальной проблема дефицита квалифицированных медицинских кадров. Для ее решения требуется существенно улучшить качество медицинского образования, в том числе внедрив дифференцированные размеры грантов и распределяя их в зависимости от уровня образовательного процесса.

Как вы знаете, я уделяю повышенное внимание развитию массового спорта. Без этого невозможно добиться цели воспитания здоровой молодежи и укрепления здоровья всей нации. Недавно на встрече с участниками Олимпийских игр я сформулировал ключевые задачи и приоритеты в сфере спорта. Полагаю, что назрела необходимость обновления законодательства в этой области.

Соответствующие поправки позволят придать мощный импульс развитию массового и детского спорта, обеспечат основу для подготовки новой плеяды чемпионов. Считаю, что депутатам следует уделить особое внимание этому важному законопроекту»

Президент:

«Келесі мәселе. Әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарға қолдау көрсету – өте маңызды міндет. Сондықтан мемлекет әлеуметтік шығыстарды біртіндеп ұлғайтып жатыр. Қазір бюджеттің жартысынан көбі әлеуметтік салаға жұмсалады. Балалы отбасыларды қолдау үшін сәби күтіміне өтемақы төлеу мерзімі бір жылдан бір жарым жылға дейін ұзарды.

Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтарға биылдан бастап арнайы төлемдер беріліп жатыр. «Ұлттық қор – балаларға» ауқымды жобасы іске қосылды. 7 миллион баланың есепшотына Ұлттық қордың табысынан жалпы сомасы 300 миллиардтан астам теңге аударылды. Дегенмен қазір мемлекет тарапынан қолдау көрсетілген кезде азаматтардың нақты табысы ескерілмей жатқанын мойындау қажет. Басқаша айтсақ, әлеуметтік қолдауға мүлде мұқтаж емес ауқатты отбасылар да мемлекеттен көмек алады. Мұндай жайттар аз емес. Осыны ескере отырып, халықты қолдау тәсілдерін жетілдіре түсу қажет. Сондықтан Үкіметке алдағы жылдың басынан бастап «Әлеуметтік әмиян» жобасын жүзеге асыруды тапсырамын.

Мемлекеттік қолдау шын мәнінде мұқтаж адамдарға көрсетілуі қажет. Бір сөзбен, кез келген әлеуметтік көмек әділ, ашық және тиімді болуға тиіс»

Президент:

«Государство последовательно наращивает социальные расходы с учетом необходимости поддержки уязвимых категорий граждан. Сейчас более половины государственного бюджета идет на социальную сферу. Для поддержки семей с детьми увеличен срок выплаты пособий по уходу за ребенком с одного до полутора лет.

С начала текущего года введены спецвыплаты для лиц, занятых на работе с вредными условиями труда. Стартовал масштабный проект «Нацфонд – детям», в рамках которого более 300 млрд тенге из доходов Национального фонда были распределены на счета 7 млн детей. Однако следует признать, что сейчас меры поддержки предоставляются без учета реальных доходов граждан. Нередко их получают состоятельные семьи, вовсе не нуждающиеся в такой помощи. Нужно усовершенствовать инструменты поддержки населения с учетом данного аспекта. Поручаю Правительству с начала следующего года внедрить механизм «социального кошелька».

Государственная поддержка должна быть ориентирована на действительно нуждающихся в ней граждан. Иначе говоря, необходимо, чтобы социальная помощь оказывалась на принципах справедливости, открытости и эффективности»

Қасым-Жомарт Тоқаев:

«ЖЕТІНШІ мәселе. Экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі.

Біз қоғамда қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеуіміз керек. Халықты экологиялық факторлардың жағымсыз әсерінен сақтау қажет. Бизнес өкілдері табиғатты қорғау ісіне зор жауапкершілікпен қарауы керек. Үкімет пен «Атамекен» палатасы осы бағытта нақты шаралар қабылдауға тиіс. Бұл салаға озық технологияларды кеңінен енгізу жұмысын жалғастыру қажет. Табиғатты ластайтын қалдықтарға мониторинг жасайтын озық жүйе ойдағыдай жұмыс істеуге тиіс.

Қазақстанның бірегей жануарлар және өсімдіктер әлемін сақтау мәселесі әрдайым өзекті болып қала бермек. Мемлекет алдағы уақытта да кең байтақ даламызды және орманымызды өрттен қорғау үшін барлық қажетті шараны қабылдайды.

Қазақстанның табиғаты өте бай және алуан түрлі. Алайда орман-тоғайлар жеріміздің 5 пайызын ғана алып жатыр. Табиғаттың әр алуандығын сақтау үшін біз орман алқаптарын көбейтуіміз қажет. Бұл міндет еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін де өте маңызды. Мен Президент болып сайланған күннен бастап осы мәселеге ерекше мән беріп келемін.

Елімізді көгалдандыру жұмысының қарқыны жаман емес. Тоқтап қалмай, оны жалғастыру қажет. «Семей орманы» аясында орман тұқым бағы бар. Бұл – Орталық Азиядағы халықаралық озық талаптарға сай көшет өсіретін бірден-бір кешен. Осы жобаны басқа да орманды аймақтарда жүзеге асырған абзал.

Орман-тоғайды көбейту бүкіл елді жұмылдыратын нағыз халықтық идеяға айналуы керек. Сондықтан ел ішінде ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізген жөн»

Касым-Жомарт Токаев:

«СЕДЬМОЕ. Одна из основных задач – улучшение экологической ситуации и культивирование бережного отношения к окружающей среде.

Надо, чтобы жители нашей страны были защищены от влияния негативных экологических факторов. Бизнес должен с большой ответственностью подходить к делу защиты природы. Правительству и палате «Атамекен» следует принять конкретные меры. Нужно продолжить широкое внедрение самых передовых технологий в эту сферу, а также наладить работу современной системы мониторинга эмиссий.

В фокусе нашего внимания останутся вопросы сохранения уникальной флоры и фауны Казахстана. Государство предпримет все необходимые меры для защиты лесов и степей от пожаров.

Несмотря на огромное природное разнообразие Казахстана, леса занимают лишь 5% территории страны. Воспроизводство лесов имеет определяющее значение для сохранения экологического равновесия и дальнейшего устойчивого социально-экономического прогресса страны. С первых дней своего президентства я уделяю особое внимание этому вопросу.

В стране набраны неплохие темпы озеленения, которые нельзя снижать. В лесном резервате «Семей орманы» функционирует единственный в Центральной Азии лесосеменной комплекс по выращиванию посадочного материала, соответствующий передовым международным стандартам. Необходимо масштабировать данный проект в других лесных регионах республики.

Идея увеличения лесных массивов должна стать по-настоящему народной. По этой теме нужно организовать серьезную информационно-разъяснительную работу среди граждан»

Мемлекет басшысы:

«Баршаңызға мәлім, елімізде көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жүріп жатыр. Бұл – тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама. «Таза Қазақстан» шарасына бірнеше айдың ішінде 3 миллионға жуық азамат атсалысты. Жүздеген мың үйдің ауласы тазартылды, 1 миллион тоннадан астам қоқыс жиналды. Осындай игі шаралардың арқасында қоғамда жаңа мәдениет, жаңа қоғамдық этика орнығып келеді. Мұны туған елге деген сүйіспеншілік, жанашырлық деуге болады. Ұлттың жаңа сапасы осындай нақты шаралар арқылы қалыптасады.

Бұл – уақытша науқан емес. Осы маңызды жоба жыл бойы жалғаса беруге тиіс. Себебі, шынын айтқанда, кейбір санасыз азаматтарымыз табиғатты, көшелерді әлі де ластап жатыр. Осындай адамдардың әрекетіне заң бойынша тосқауыл қою керек. Бір сөзбен, қоршаған ортаның тазалығы әркімнің күнделікті дағдысына айналуы қажет.

Халқымыздың бойында жақсы қасиеттер өте көп. Мысалы, өзге елдер бізді қонақжай, ақкөңіл халық ретінде біледі. Дәл солай тазалық жұртымыздың қанына, жанына сіңген қасиет болуы керек.

«Таза Қазақстанның» аймақтарда сапалы жүзеге асуына әкімдер тікелей жауапты. Олар жұртқа істің мән-маңызын түсіндіріп, жұмысты дұрыс үйлестіруге міндетті. Аймақ басшысы тек шаруашылықпен ғана айналыспайды. Әкім қоғамдық, рухани мәселелерді әрдайым назарда ұстауға тиіс. Әрбір басшы елмен етене жұмыс істеуі керек, тұрғындармен сенімді байланыс орнатуы қажет. Сонда жұрт та оның бастамаларын қолдайды, ел үшін пайдалы іске жұмыла кіріседі. Әкімнің абырой-беделі дегеніміз де – осы»

Глава государства:

«Как вам известно, в стране с весны проходит общенациональная экологическая акция «Таза Қазақстан». Это созидательное начинание сплотило граждан. За несколько месяцев в акции приняло участие около 3 млн человек, которые навели порядок в сотнях тысячах дворов, собрали более одного миллиона тонн мусора. Благодаря подобным инициативам в стране укореняется новая культура, новая общественная этика. Можно сказать, что это и есть подлинный патриотизм и забота о Родине. Посредством таких дел формируется новое качество нашей нации.

Это не временная акция, данный важный проект должен продолжаться круглый год, поскольку, откровенно говоря, некоторые безответственные граждане по-прежнему загрязняют природу, улицы. За такие действия эти люди должны отвечать по закону.

Другими словами, надо, чтобы забота о чистоте окружающей среды стала повседневной нормой для каждого. У нашей нации очень много хороших качеств. К примеру, за рубежом нас знают как гостеприимный и доброжелательный народ. Стремление к чистоте и порядку точно так же должно стать неотъемлемой чертой нашего национального характера.

За качественное проведение акции «Таза Қазақстан» в регионах непосредственно ответственны акимы, которые должны разъяснить людям ее огромную важность и правильно организовать работу. Главам регионов следует заниматься не только хозяйственными проблемами, но и постоянно уделять внимание вопросам общественной и культурно-духовной жизни. Нужно, чтобы каждый руководитель напрямую работал и выстраивал доверительный диалог с гражданами. Тогда и люди поддержат его начинания, внесут вклад в полезные для страны дела. Это и является показателем авторитета акимов»

Президент:

«СЕГІЗІНШІ. Мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін барынша арттыру керек.

Мен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұсынғалы бес жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт ішінде қоғам мен билік құрылымдары арасындағы қарым-қатынас мәдениетін өзгерте алдық. Пікір білдірудің бірқатар тиімді тетігі және түрлі диалог алаңдары пайда болды. Мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен тікелей сөйлесуі қалыпты жағдайға айналды. Бұл тұжырымдама мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының жаңа моделін қалыптастырды. Олар жауапкершілікпен, проактивті, ашық және тиімді жұмыс істей бастады. Дегенмен, мемлекет пен қоғам арасындағы диалогтың сапасын одан әрі арттыра түсу үшін бәріміз адал әрі әділ болуымыз, тек заң аясында әрекет етуіміз, берген уәдеміз бен ісіміз үшін жауап бере білуіміз керек.

Біз талқыланып жатқан мәселелердің мән-жайын біле бермейтін, тым асыра сілтеуге бейім тұратын популистердің қоғамдағы кейбір бастамаларды іліп алып, өз мүддесіне бұрып әкететінін көріп жүрміз. Мұның демократияға еш қатысы жоқ.

Өтініштерді қарауға қатысты жұмыстың бірыңғай экожүйесі қалыптаса бастағаны өте маңызды. Бұл жүйе халықтың қажеттілігі мен талап-тілегін нақты біліп отыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік органдар өз жұмысын жетілдіру үшін азаматтардың өтініштерін талдауға көбірек назар аударуға тиіс»

Президент:

«ВОСЬМОЕ. Следует кардинально повысить эффективность государственного управления.

С момента выдвижения мной концепции «слышащего государства» прошло чуть более пяти лет. За этот срок удалось изменить культуру взаимодействия между обществом и властными структурами. Появилось достаточное количество действенных механизмов выражения мнений и различных диалоговых площадок. Нормой стало прямое общение государственных служащих с гражданами. Можно сказать, что данная концепция сформировала новую модель поведения госслужащих – проактивную и открытую, а значит, более ответственную и эффективную. Однако, чтобы обеспечить дальнейшее развитие диалога между государством и обществом, всем нам нужно быть добросовестными, объективными, действовать исключительно в рамках закона, отвечать за свои слова и поступки.

Мы видим, как общественную инициативу порой перехватывают безответственные, экзальтированные популисты, не обладающие глубокими знаниями по обсуждаемым в обществе проблемам. Это не имеет ничего общего с демократией.

Крайне важно, что начала формироваться единая экосистема по работе с обращениями, которая позволяет более точно определять потребности и ожидания граждан. Для совершенствования своей работы госорганам следует больше внимания уделять анализу обращений»

Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Азаматтарымыздың соңғы жылдардағы тағы бір талабы – әкімдерді тікелей сайлау жүйесін енгізу. Бұл талап та орындалды.

Ауыл әкімдерін тікелей сайлау жүйесі 2021 жылы енгізілді. Содан бері 2,5 мыңға жуық әкім сайланды. Бұл – барша ауыл әкімдерінің 90 пайызға жуығы деген сөз. Қалғандары әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталған кезде өз ретімен сайлана береді. Жаңа әкімдердің 60 пайызы бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген. Олардың арасында әртүрлі кәсіп иелері, түрлі партия өкілдері бар. Орташа жасы – 46 жас. Бір сөзбен айтсақ, халық өзі таңдаған әкімдердің құрамы едәуір жаңғырды.

Былтыр күзде алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлай бастадық. Барлық облыста 45 әкім жаңа тәсілмен сайланды. Біз сайлау нәтижесін және сайланған әкімдердің жұмысын жан-жақты зерделедік. Соның қорытындысы бойынша түбегейлі шешім қабылдадық. Келесі жылдан бастап жаңа жүйеге біржола көшеміз. Бұдан былай аудан және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері тікелей сайлау арқылы ғана қызметке келеді. Әкімдердің өкілеттік мерзімі аяқталуына қарай яғни, ротация мерзімі жеткенде сайлау біртіндеп өткізіле береді. Бұл да – саяси жүйені реформалау ісіндегі кезекті маңызды қадам. Саяси реформа – бір реттік науқан емес. Мемлекеттің дамуына қажет болса, реформалар осылай үздіксіз жалғаса береді»

Касым-Жомарт Токаев:

«Одним из запросов граждан, который государство удовлетворило за последние годы, стало внедрение прямой выборности акимов.

Так, с 2021 года избрано около 2,5 тысячи акимов сел, что составляет 90% от общего количества глав сельских населенных пунктов. В остальных селах выборы будут проходить по истечении сроков полномочий их акимов. Средний возраст вновь избранных акимов – 46 лет, 60% из них ранее не работали на государственной службе. Среди них есть предприниматели, члены различных партий. Одним словом, корпус акимов, избранных народом, в значительной степени обновился.

Осенью прошлого года мы впервые начали проводить выборы акимов районов и городов областного значения. Во всех областях по новым правилам было избрано 45 акимов. После всестороннего изучения итогов выборов и анализа работы избранных акимов было принято принципиальное решение об окончательном переходе со следующего года на новую систему. В дальнейшем акимы районов и городов областного значения станут избираться только через прямые выборы, которые будут проводиться по мере истечения полномочий (то есть сроков ротации) действующих акимов. Это очередной важный шаг в деле трансформации политической системы. Политические реформы – это не разовая кампания. Если это требуется для развития государства, реформы будут проводиться постоянно»

Мемлекет басшысы:

«Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мәселесі әлі де өзекті.

Үміткерді кызметке тағайындаған кезде оның кәсіби және моральдық қасиеттерін мұқият ескерген жөн. Бұрынғы жұмысын қалай атқарғаны да қаперде болуы керек. Меритократия қағидаттарынан ешкім бас тартқан жоқ. Бұл бағыттағы жұмыстың аяқ алысы жаман емес. Қазір мемлекеттік органдардың бәрі кадр жөніндегі бірыңғай ақпараттық жүйеге көшті.

Енді Үкімет пен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердің кадр мәселесіне қатысты жұмысын толық автоматтандыруы керек»

Глава государства:

«Не снимается с повестки дня проблема повышения компетенций госслужащих.

Все назначения следует осуществлять с учетом профессиональных и моральных качеств кандидатов, а также их результативности на предыдущих должностях. Принципы меритократии никто не отменял. Положительные изменения в этой работе имеются. Осуществлен перевод всех государственных органов в единую кадровую информационную систему.

Теперь Агентству по делам госслужбы и Правительству следует обеспечить автоматизацию кадровых вопросов организаций, финансируемых из государственного бюджета»

Президент:

«ТОҒЫЗЫНШЫ. Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажет.

Цифрлық технологиялардың күнделікті өмірімізге жаппай енуі түрлі алаяқтардың көбеюіне әкеп соқтыруда. Оған бәріміз куә болып отырмыз. Сондықтан қазір қаржы және экономика негіздерін білу, қарапайым цифрлық дағдыларды меңгеру аса маңызды болып тұр. Осы ретте, «Amanat» партиясы ұсынған «Қарызсыз қоғам» жобасын атап өткім келеді. Азаматтардың қаржылық сауатын арттыруға арналған осы жобаға былтыр 65 мың адам қатысты. Ал биыл одан да көп адам қатысады.

Мектептерде, жоғары оқу орындарында қаржылық және цифрлық сауаттылық негіздерін үйрететін білім бағдарламасын енгізу қажет. Бұл жұмысты Үкімет қаржы саласын реттеу органдарымен бірге атқаруы керек. Мұның бәрі азаматтарымыздың әртүрлі алаяқтардың құрығына түсіп қалмауына мүмкіндік береді. Құзырлы органдардың бәрі заңға бағынатын жұртқа зардабын тигізіп жатқан алаяқтыққа және сол сияқты басқа да заңсыз әрекеттерге қарсы батыл шаралар қабылдауға тиіс.

Қазір «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң жобасы әзірленіп жатыр. Осы заңның талаптарын орындау үшін қоғам мен мемлекеттік аппарат күш жұмылдыруы керек. Сонда ғана жағдайды түзетіп, заң үстемдігін және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз.

Кез келген қоғамның, соның ішінде біздің қоғамның да басты ұғымдарға негізделген сұраныстары – әділдік және қауіпсіздік. Осы негізгі сұраныстардың толығымен өтелуі мемлекеттің тиімді жұмыс істейтінін айқын көрсетеді»

Президент:

«ДЕВЯТОЕ. Следует всемерно утверждать в обществе идеологию закона и порядка.

Широкое проникновение цифровых технологий в повседневную жизнь людей сопровождается ростом количества разного рода мошенничеств. Мы это уже видим. Поэтому в современных реалиях знание основ экономики и финансов, обладание элементарными цифровыми навыками становится особенно важным. В этой связи хочу отметить проект «Қарызсыз қоғам», инициированный партией «Amanat» для повышения финансовой грамотности граждан. В прошлом году проект охватил 65 тысяч человек, и в текущем году он будет значительно расширен.

Правительству совместно с финрегуляторами необходимо внедрить в школах и вузах образовательные программы по основам финансовой грамотности и цифровой гигиены. Это усилит иммунитет казахстанцев к разного рода мошенническим схемам. Всем уполномоченным органам требуется принять решительные меры противодействия мошенничеству и сопутствующим правонарушениям, от которых страдают добропорядочные граждане.

В настоящее время разрабатывается проект нового Закона «О профилактике правонарушений». Его реализация потребует консолидации усилий госаппарата и общества. Только в этом случае можно изменить ситуацию, обеспечить верховенство закона и безопасность граждан.

Во всех обществах, в нашем в том числе, существуют запросы на такие базовые категории, как справедливость и безопасность. Полноценное удовлетворение этих основных потребностей является надежным показателем эффективности государства»

Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Елімізде ауқымды реформалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Саяси жаңғырудың нәтижесінде азаматтарымыздың өз ойы мен пікірін ашық айтып, мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне араласуына жол ашылды. Сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан терең өзгерістер жасалып жатыр.

Азаматтарымыздың құқығын қорғау саласында кешенді шараларды қолға алдық. Негізгі мақсат – әділетті қоғам құру және соның арқасында дамудың сара жолына түскен озық ел болу. Сондықтан біз осы бағыттағы маңызды реформаларды жалғастырамыз, жүйелі жұмысты тоқтатпаймыз.

Тағы бір мәселе – азаматтардың қауіпсіздігі. Жеке адамнан бастап тұтас қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар басымдық.

Көптеген елде, тіпті кейбір дамыған мемлекеттердің өзінде қылмыс пен тәртіпсіздік өршіп тұрғанына қарамастан, біз соңғы жылдары қауіпсіз қоғам құру жолында едәуір жетістікке жеттік. Көшедегі, қоғамдық орындардағы қылмыс пен заңсыздық тыйылып келеді. Дегенмен, арқаны кеңге салуға болмайды.

Менің басты міндетімнің бірі – Қазақстанды қауіпсіз әрі жайлы елге айналдыру. Құқық қорғау органдарына және басқа да жауапты мекемелерге азаматтардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету жүктелді.

Ішкі істер министрлігі ұсақ бұзақылық пен вандализмнен бастап, шетелдіктердің заңсыз көшіп келуіне және басқа да ауыр қылмыстарға қатаң тосқауыл қойып, дереу жолын кесуге міндетті. Құқықтық мемлекетте қылмыс әлеміне орын жоқ, қарақшылықты түп-тамырымен жою қажет. Түрлі экстремистердің, оның ішінде әсіре діншілдердің де елге іріткі салатын әрекеттеріне қатысты ұстаным дәл осындай болуға тиіс. Құқық қорғау органдары кәсібилік, батылдық және табандылық танытуы керек»

Касым-Жомарт Токаев:

«Последовательно реализуя масштабные реформы, мы значительно расширили свободу выражения мнений, создали возможности для участия граждан в процессе принятия государственных решений.

Глубокие социально-экономические преобразования, комплексные меры в сфере защиты прав человека направлены прежде всего на построение справедливого общества как основы для всестороннего прогресса нашей страны. Поэтому мы продолжим реформы и системную работу в данном направлении.

Вместе с тем нашим стратегическим приоритетом остается обеспечение безопасности граждан – фундаментальной ценности для каждого человека и общества в целом.

За последние годы мы уже добились существенного прогресса в формировании безопасной среды. На наших улицах, в общественных местах нет разгула преступности и беззакония. А ведь во многих странах, в том числе и в некоторых развитых государствах, бушует настоящая эпидемия преступности и беспорядков. Но почивать на лаврах нам никак нельзя.

Одна из моих основных задач – сделать Казахстан территорией комфортной и безопасной жизни. Перед правоохранительными и профильными государственными органами поставлена задача – обеспечить всестороннюю безопасность граждан.

Министерство внутренних дел обязано принимать жесткие меры в отношении всех правонарушений: от мелкого хулиганства и вандализма до незаконной иммиграции и тяжких уголовных преступлений. В правовом государстве нет места криминалитету, поэтому с бандитизмом должно быть покончено. Это же касается деструктивной деятельности экстремистов, включая религиозных радикалов. Правоохранительным органам нужно проявить профессионализм, решительность и принципиальность»

Мемлекет басшысы:

«Жол апаттары қоғамның зор алаңдаушылығын туғызып отыр. Жыл басынан бері жол-көлік оқиғасынан 1300-ден астам адам қаза болып, 16 мыңнан астам азамат зардап шекті. Адамдар күн сайын жол үстінде қазаға ұшырап жатыр. Олардың арасында тұтас отбасылар да бар.

Жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту және интеллектуалдық жүйені енгізу арқылы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады. Бұл – жергілікті ғана емес, республикалық жолдарға да қатысты мәселе. Осы салаға жауапты мекеме автокөліктердің техникалық жағдайына тиісті бақылау жасауы қажет.

Жүргізушілерді даярлау деңгейінің де төмендеп кеткені жасырын емес. Жүргізуші куәлігін арнайы оқымай-ақ алатын жайттар бар. Үкімет, әкімдер, Ішкі істер министрлігі батыл қадам жасауы керек. Депутаттар бұл мәселені назарда ұстауға тиіс.

Әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуы – айрықша маңызды міндет. Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуға тиіс. Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдар осы талапты мүлтіксіз орындауы қажет.

Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты»

Глава государства:

«Предмет серьезного беспокойства всего общества – аварийность на дорогах. С начала года в результате ДТП погибло свыше 1300 человек, пострадали более 16 тысяч. Фактически ежедневно на дорогах погибают люди, иногда целыми семьями.

Дорожная безопасность может быть обеспечена посредством улучшения дорожно-транспортной инфраструктуры и внедрения интеллектуальных систем. Это касается не только дорог местного значения, но и республиканских трасс. Профильному ведомству следует обеспечить надлежащий контроль за техническим состоянием автомобилей.

Не секрет, что уровень подготовки самих водителей снизился, они получают права без должного обучения в школах. Жду от Правительства, акимов, МВД более решительных действий. Данная проблема должна быть в фокусе внимания и депутатов.

Первостепенное значение имеет соблюдение закона и порядка в армии, куда молодые ребята идут отдавать долг Родине. Чтобы солдаты могли должным образом выполнять свои обязанности, в Вооруженных Силах и других силовых структурах в первую очередь надо обеспечить железную дисциплину.

Родители доверили государству своих сыновей, поэтому именно на руководстве армии и правоохранительных органов лежит особая ответственность за их здоровье и безопасность»

Президент:

«Тағы бір маңызды міндет – есірткі саудасына және нашақорлыққа қарсы күрес.

Бұл – ұлттың генетикалық қорын аман сақтап қалу мәселесі деген сөз. Біз осыған дейін қажетті заңнамалық шараларды қабылдадық. Бірақ нақты нәтижеге қол жеткіздік деуге әлі ерте. Әрбір мемлекеттік құрылым, әсіресе, құқық қорғау органдары тиімді жұмыс істеп жатыр деп айта алмаймыз. Есірткі мәселесі ушығып барады.

Біз заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құруымыз керек. Азаматтары, әсіресе жастары мәдениетті, жаңашыл әрі жасампаз ұлттың ұпайы түгел. Сондықтан біз өркениетті ел болуға кедергі жасайтын жағымсыз әдеттерден арылуымыз керек.

Мен бұл туралы Ұлттық құрылтайдың отырысында айттым. Елдің болашағына кесірін тигізетін бес кеселге тоқталдым. Содан бері біршама жұмыс атқарылды. Вандализмге, лудоманияға тосқауыл қоятын заңдар қабылданды. Вейпке, яғни электронды темекіге тыйым салынды. Қабылданған шаралардың нәтижесі қазірдің өзінде көрініп жатыр. Әлеуметтік кеселдің бәрімен тұтас жұрт болып жұмыла күресу қажет»

Президент:

«Еще одна важная задача – борьба с наркотиками. По сути, это вопрос сохранения генофонда нации.

Необходимые законодательные меры мы уже приняли. Однако каких-то конкретных результатов пока не видно. Нельзя сказать, что государственные структуры, в том числе правоохранительные органы, работают эффективно. Проблема наркотиков усугубляется.

Мы должны построить общество, основанное на законе и порядке, знаниях и прагматизме. Залог успеха нации заключается в культурности, солидарности и созидательности граждан, в особенности молодежи. Чтобы стать цивилизованной страной, нам нужно избавляться от разрушительных моделей поведения.

Об этом я говорил на заседании Национального курултая, приведя пять социальных зол, угрожающих будущему нашей страны. За это время проведена определенная работа. Приняты законы, призванные поставить заслон вандализму и лудомании, запрещены так называемые вейпы. Предпринятые шаги уже дают свои результаты. В борьбе с социальными пороками мы должны объединить усилия всего общества»

Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Халқымыз қашанда кең пейілімен, толеранттылығымен ерекшеленген. Еліміздің басты құндылығы – бірлік пен келісім ең алдымен, осы қасиеттердің арқасында сақталып отыр.

Қазақстанда тіліне, дініне, ұлтына, әлеуметтік жағдайына және басқа да себептерге байланысты ешкімге ешқандай қысым жасалмайды, жасалуы да мүмкін емес. Әрине, мұндай жайттар ара-тұра кездеседі. Бірақ, бұл көбіне жекелеген адамдардың сауатсыздығы мен жауапсыздығынан болып жатады. Құқық қорғау органдары әрдайым заң арқылы мұндай оқиғалардың жолын кеседі.

Бұған қоса, бізге белгілі кейбір теріс пиғылды адамдар, оның ішінде шетелде жүргендер де бар, мәселені ушықтыру арқылы қоғамдық пікірге ықпал еткісі келеді, елімізге орынсыз шүйлігеді. Қазақстанның қоғамында да, билігінде де ешқандай «фобия» бұған дейін болған емес, қазір де жоқ, болашақта да болмайды. Сондықтан ақша үшін ел ішіне іріткі салуды көздейтін мұндай жымысқы әрекеттерден түк шықпайтыны анық.

Біз үйлесімді, әділетті әрі тұрақты қоғам құру ісін жалғастыра береміз. Біз – озық ойлы ұлтпыз. Сондықтан алысты көздеп, түрлі арандатушылық әрекеттерден биік тұруымыз, парасатты ел екенімізді танытуымыз және тек заңға арқа сүйеуіміз керек.

Ылғи да кейін қайырылып, өткенмен өмір сүруге, бұрынғы жүйеден немесе саяси тұлғалардан кінә іздей беруге болмайды. Өз халқыңның тарихын білу керек, бірақ одан тек еңсеңді түсіріп, өзгеге өкпе артуға себеп іздемеу қажет. Қандай қасіретті болса да, өткен оқиғалардан, ең алдымен, тағылым ала білген жөн. Біз келешекке сеніммен көз тігіп, еліміздің өсіп-өркендеуі мен дамуын ойлауымыз қажет. Мен бұл туралы үнемі айтып келемін.

Тағы да қайталап айтамын: біздің қоғамымызда заң мен тәртіп үстемдік құруға тиіс. Бұл – бүкіл қоғамның және әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ең басты талап. Біз сонда ғана Әділетті, Таза және Қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз. Осы стратегиялық мақсатымызға жету үшін еліміздің бейбіт өмір сүруіне және тұрақты дамуына қолайлы сыртқы жағдай қалыптастыруымыз қажет. Бұл – қазіргі аса күрделі геосаяси ахуал кезінде өте жоғары кәсібилікті талап ететін дипломатияның міндеті»

Касым-Жомарт Токаев:

«Отличительными чертами нашего национального характера всегда были открытость и толерантность. Во многом именно эти качества лежат в основе единства и согласия – главных ценностей нашего народа.

В Казахстане нет и не может быть никаких притеснений по какому-либо признаку, будь то языковому, конфессиональному, этническому или социальному. Отдельные случаи, провокации, конечно, имеют место, но они происходят из-за безответственности, невежества некоторых граждан, такие факты пресекаются и будут пресекаться правоохранительными органами по закону.

При этом не секрет, что хорошо известные нам ангажированные лица, в том числе действующие из-за рубежа, пытаются манипулировать общественным мнением, допускают безосновательные выпады против нашей страны. Все эти хорошо проплаченные потуги посеять раздор в Казахстане обречены на провал, потому что у нас ни на общественном, ни на политическом уровне не было, нет и никогда не будет никаких «фобий». Мы продолжим строить гармоничное, справедливое, стабильное общество.

Мы – прогрессивная нация и поэтому должны смотреть дальше и шире, быть выше разного рода провокаций, показывать реальные примеры благоразумия, полагаться на силу закона.

Я уже говорил: нельзя постоянно оглядываться назад, вести поиск виновных, будь это система или отдельные политические персонажи. Нужно знать и изучать свою историю, но не искать в ней поводов для уныния и обид. Из событий прошлого, какими бы они трагичными ни были, следует извлекать полезные уроки. Надо с оптимизмом смотреть вперед, думать о прогрессе и развитии нашей страны.

Поэтому повторяю: в нашем обществе должны царить закон и порядок. Это базовое условие обеспечения как общественной, так и индивидуальной безопасности. Только так мы создадим Справедливый, Чистый и Безопасный Казахстан. Чтобы достичь этой стратегической цели, необходимо создавать благоприятные внешние условия для мирного, устойчивого развития страны. Это задача дипломатии, которая в нынешних сложнейших геополитических реалиях должна быть высокопрофессиональной»

Мемлекет басшысы:

«Қазақстан бейбіт және теңгерімді сыртқы саясатты қатаң ұстанып келеді. Еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайту, шетелдегі азаматтарымыздың құқықтарын қорғау, ұлттық мүдделерімізді ілгерілету, экономикаға инвестиция тарту – дипломаттарымыздың басты міндеті.

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын қатаң ұстана отырып, көп жақты ынтымақтастық орнатуға қашанда дайын екенін паш етіп келеді. Еліміз халықаралық қауіпсіздік және тұрақтылық мәселелерін шешуге белсенді атсалысады.

Біз Біріккен Ұлттар Ұйымы мен басқа да халықаралық ұйымдардың терроризмге, экстремизмге, заңсыз көші-қонға, климаттың өзгеруіне және өзге де қауіп-қатерлерге қарсы күресу жолындағы талпыныстарын құптаймыз. Сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік қызметін, қарусыздануға қатысты бастамаларын барынша қолдаймыз, қарулы қақтығыстарды дипломатиялық жолмен шешу қажет деп санаймыз.

Астанада Қазақстанның төрағалығымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына, Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының саммиттері сияқты бірқатар маңызды халықаралық іс-шара өтті. Бізге қолдау көрсеткені үшін одақтастарымыз бен серіктестерімізге шынайы ризашылығымызды білдіреміз»

Глава государства:

«Казахстан твердо придерживается миролюбивой и сбалансированной внешней политики. Главными задачами нашей дипломатии остаются укрепление суверенитета и независимости государства, защита прав граждан за рубежом, продвижение национальных интересов, привлечение инвестиций в экономику.

Казахстан убедительно демонстрирует приверженность широкому многостороннему сотрудничеству в строгом соответствии с Уставом ООН. Наша страна играет активную роль в решении вопросов международной безопасности и стабильности. Мы поддерживаем усилия ООН и других международных организаций по борьбе с терроризмом, экстремизмом, нелегальной миграцией, изменением климата и другими угрозами, поддерживаем миротворческую деятельность ООН, разоруженческие инициативы, выступаем за урегулирование вооруженных конфликтов дипломатическими средствами.

Под председательством Казахстана в Астане прошли важные международные мероприятия, в том числе саммиты глав государств Совещания по взаимодействию и мерам доверия в Азии, Содружества Независимых Государств, Шанхайской организации сотрудничества, Организации тюркских государств. Мы благодарны нашим союзникам и партнерам за поддержку»

Президент:

«Қазір әлемде қандай түбегейлі өзгерістер болып жатқанын білесіздер. Экономикалық, саяси, климаттық және басқа да жаһандық, аймақтық ауқымдағы қауіп-қатерлер аз емес. Осындай жағдайда күнделікті шаруамен қатар стратегиялық маңызы бар көптеген мәселені шешуімізге тура келеді. Әрине, бір мезетте барлығына бірдей ресурсымыз жетпейтіні анық. Ешкім де бәрін табан астында өзгерте алмайды. Жылдар бойы шешімін таппай келген мәселелер бар. Біз ештеңені жасырмай, бәрін бүкпесіз ашық айтамыз. Қаншалықты күрделі болса да, барлық мәселені жүйелі әрі батыл түрде шешіп келеміз.

Алдымызда ауқымды жұмыс тұр. Тұрақты әлеуметтік-экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету, азаматтардың жасампаздық әлеуетін толық ашу және халықтың әл-ауқатын арттыру – мемлекеттің маңызды міндеті.

Үкімет мүшелері, әкімдер, депутаттар және барша қоғам өкілдері әрдайым отаншылдық идеясына адал болуға тиіс. Әр іс елге деген жанашырлық ниетпен жасалуы керек. Әрбір қадамымыз елге пайдасын тигізуі қажет. Біз еліміздің байлығын үнемдеп пайдалансақ, табанды еңбек етсек, салық төлесек, өз өнімдерімізді сатып алатын болсақ, түрлі жобаларға инвестиция салсақ, мемлекетіміздің қуатын арттыра түсеміз. Демек Отанымызға да, отбасымызға да пайдамыз тиеді деген сөз»

Президент:

«Вы видите, какие фундаментальные сдвиги сегодня происходят в мире. В условиях экономических, политических, климатических и множества других вызовов глобального и регионального масштаба нам приходится параллельно решать огромное количество как текущих, так и стратегических задач. Ресурсов на все, естественно, не хватает, и сиюминутного результата никто не обещает. Многие проблемы в стране накапливались годами. Мы, ничего не скрывая, открыто говорим все как есть. И как бы это ни было трудно, целенаправленно и системно решаем все вопросы. Предстоит большая работа.

Обеспечение устойчивого социально-экономического прогресса, всестороннее раскрытие созидательного потенциала граждан, реальное повышение благосостояния народа – это главные задачи государства.

Сквозной идеей, которой должны руководствоваться члены Правительства, акимы, депутаты и все общество, является патриотизм. Каждое наше начинание должно исходить из созидательных устремлений, каждым своим действием мы должны вносить вклад в развитие страны. Бережно используя ресурсы, усердно работая и уплачивая налоги, покупая отечественные товары, инвестируя в различные проекты, мы укрепляем потенциал нашего государства, а значит, приносим пользу своей Родине и своим семьям»

Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Біз қиындықтарға мойымай, барлық мәселені біртіндеп, байыппен шешуіміз керек. Мұның бәрі халықтың тұрмыс-тіршілігіне ғана емес, қазіргі бұлыңғыр замандағы еліміздің тағдырына да тікелей әсер етеді.

Біздің ұзақ мерзімге арналған даму жолымыз – айқын. Биік мақсаттарымыз бар. Оған жету үшін, ең алдымен, ел бірлігін сақтай білуіміз керек. Бір-бірімізге қолдау білдіріп, құрмет көрсетуіміз қажет.

Біз – берекелі бірліктің арқасында түрлі сынақтан сүрінбей өткен халықпыз. Алдағы уақытта да солай болмақ. Бәріміз бір ел болып, әділетті және дамыған Қазақстанды бірге құрайық. Сонда әркім өз елінің кірпіші болып қаланып, арман-мұратына жете алады.

Әр адамға және баршаға бірдей мүмкіндік беретін мемлекетті, яғни Әділетті Қазақстанды болашақ ұрпаққа аманат ету – баршамызға ортақ міндет. Мен Мемлекет басшысы ретінде осы міндетті орындауға бар күш-жігерімді саламын. Сіздер де ортақ мақсатқа жету үшін табанды еңбек етесіздер деп сенемін.

Қастерлі Отанымыз – Қазақстан өркендей берсін!
Халқымыз аман болсын!»

Касым-Жомарт Токаев:

«Мы должны решать стоящие перед нами задачи прагматично и последовательно, не впадая в пессимизм и апатию. От этого зависит не только благополучие народа, но и историческая судьба страны в эту непростую эпоху.

У нас есть четкое видение долгосрочных перспектив развития нашего государства. Для достижения поставленных высоких целей нам необходимо сохранять сплоченность, проявлять взаимную поддержку и уважение.

Благодаря единству наш народ всегда достойно преодолевал различные вызовы. Так будет и впредь. Давайте вместе сделаем нашу Родину справедливым и развитым государством, в котором каждый может найти свое призвание и претворить мечты в реальность.

У нас общая высокая миссия – построить для будущих поколений Справедливый Казахстан, государство равных возможностей для всех и каждого. Для этого как Глава государства я приложу все усилия. Уверен, и вы будете неустанно трудиться во имя общей цели.

Пусть процветает наша священная Родина – Казахстан!
Пусть будет благополучен наш народ!»

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі аяқталды

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев завершил свое выступление