29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Воскресенье, 24 ноября

Г.Корганбекова

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпартты қалыптастыру бөлімінің аға прокуроры

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің qamqor.gov.kz ақпараттық порталында әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғаларға қатысты тексеру функционалы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық  статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің маңызды басымдықтарының бірі ақпараттық жүйелерді үнемі жаңғырту және жетілдіру, Мемлекет басшысының, Бас Прокурордың тапсырмаларын іске асыру жөніндегі бағдарламалық құжаттарды уақтылы және сапалы орындау болып табылады.

Бүгінде  Қарағанды облысы бойынша департаментінің «Арнайы есепке алу» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің мәліметтеріне сәйкес облыс бойынша сот әрекетке қабілетсіз деп таныған 3635 адам есепте тұр.

Азаматтың өз іс-әрекеті арқылы азаматтық құқықтарды алу және жүзеге асыру, өзі үшін азаматтық міндеттер туғызу және оларды орындау (азаматтық әрекет қабілеттілігі) кәмелетке толған кезде, яғни он сегіз жасқа толғанда толық көлемде туындайды.

Заң актілерінде көзделген жағдайлар мен тәртіпті қоспағанда, ешкімнің әрекет қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды.

Азаматтық кодексте және Азаматтық іс жүргізу кодексінде көзделген негіздер болған жағдайда ғана азамат сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық  статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық департаменттерімен сот әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдар жөнінде мәліметтердің «Арнайы есепке алу» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне уақтылы, толық және дұрыс енгізілуін қамтамасыз етіледі.

Қазіргі таңда барлық азаматтардың қолжетімділігі үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті қамқор ақпараттық порталында әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғаларға қатысты тексеру функционалын іске асырды.

Аталған функционал азаматтардың ыңғайлылығымен олардың уақытын үнемдеу үшін жасалған, яғни қазіргі таңда уәкілетті органдарға өтініштерді жолдап жауапты 15-20 күн күтудің қажеті жоқ.

Сервис интернет ресурстарын пайдаланушыларға үйден шықпай қысқа мерзімде сот әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалар туралы мәліметтердің арнайы есепте болуы немесе болмауы туралы ақпаратты  алуға мүмкіндік береді.

Ақпаратты алу үшін qamqor.gov.kz порталына өту керек, одан әрі сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп таныған тұлғалардың тізілімі бөлімінде жеке сәйкестендіру нөмірімен жеке басты куәландыратын құжаттың деректерін енгізу қажет.

Одан кейін жүйеде анықтама қалыптастырылады. Оны талап ету орны бойынша  ұсыну үшін қағаз түрінде басып шығаруға болады.

Аталған анықтама электрондық — цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған және ресми құжат болып табылады.

Наше сообщество в Одноклассниках. Вступай!