29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Воскресенье, 24 ноября

Армия — мемлекетіміздің мызғымас тірегі, Тәуелсіздігіміздің кепілі

Қазіргі қуатты Қазақстан экономикалық, гуманитарлық мүмкіндіктерімен ғана мәртебелі емес, әскери әлеуеті де мықты елге айналғанымыз шындық.

Кәсіби шеберлігі ерекше, жауынгерлік әзірлігі мен қабілеті жоғары сарбаз — ұлттық қауіпсіздігіміз бен мемлекет мүддесін сенімді қорғау тірегіне айналуда. Осы тұста ел қауіпсіздігін сақтауда, Отан алдындағы борышын атқарған сарбаздарды марапаттап, атап өткен артық етпейді.

2023 жылғы 2 қарашасы Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5451 әскери бөлімінде 2-2022 жылғы шақырылым сарбаздары жауынгерлік қызметін қырағы әрі үлгілі атқарғаны үшін, мерзімді әскери қызметшілерге «Ефрейтор» шеңі берілді. Аталған іс-шараға Бас Қолбасшылықтың әскери полиция басқармасының бастығы полковник Қ.Тамашинов және бөлім командирі подполковник Омаров Рауан Сарсенбекович қатысып, 18 мерзімді әскери қызметшілеріне, әскери шенді табыстап, Отан алдындағы борышын абыроймен атқаруға тілек білдірді.

Салтанатты жиын мерекелік ән-шашуға ұласты.

Наше сообщество в Вконтакте. Подпишись, чтобы быть в курсе новостей!