29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Понедельник, 25 ноября

Ескендір Сараубеков

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы, 6697 әскери бөлімі командирінің ТжӘҚЖ жөніндегі орынбасары. Подполковник

Бұл күн – ұлтық мереке

Тәуелсіздік алғалы бері 25 қазан «Республика күні» ретінде мерекеленіп келді. Айта кетсек, 1990 жылдың 25 қазаны Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын.

Декларация- Қазақстанда тұратын халықтарды топтастыру мен олардың достастығын нығайтуды бірінші дәрежелі міндет деп белгіледі. Бұл күн – ұлтық мереке. Тәуелсіз елдің рәміздері: мемлекеттік жалау, елтаңба, әнұран бекітілді. Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы, теңге айналымға түсті.  Тәуелсіз елдің өз Парламенті, мемлекетіміздің айшықты белгісіндей Ата заңымызды қабылдып, қазақ тілі – мемлекеттік тіл дәрежесін алды.

Декларация негізінде өз еркімізбен саяси, экономикалық, әлеуметтік жағдайларымызды шеше бастадық. ҚазССР өзінің армиясын құрып, Ішкі істер органдары мен құқық қорғау органы құрылды. Егемендікке қол жеткен сәттен мемлекетіміздің дамуына Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері елеулі үлес қосты. Ел ішінде қоғамдық қауіпсіздікті, бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету кез-келген мемлекеттің тұрақтылығының басты басымдығы болып табылады.

Заманауи армия құру – бұл тек техника мен қару-жарақты жетілдіру емес, сонымен бірге бірінші кезекте кәсіби армияның негізі болып саналатын жаңа әскери буынды тәрбиелеу екені сөзсіз. Тәуелсіз елдің жастары мықты, рухты, патриот болуы тиіс деп білемін! Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні еліміздің халқына игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын! Әскери бөлімнің абыройы, Отанымыздың тыныштығы мен бейбітшілігі, жетістігі үшін біз қашанда адал қызмет етуге дайынбыз!

Наше сообщество в Вконтакте. Подпишись, чтобы быть в курсе новостей!