29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Понедельник, 25 ноября

Қарағандыда батырдың құрметіне спартакиада өтті (фото)

9 қыркүйек күні 2 мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Бигелдинов атындағы республикалық әскери мектеп-интернатының аумағында құқық қорғау органдары мен күш құрылымдары қызметкерлерінің арасында «Ерлікпен қаза тапқан 1 дәрежелі «Айбын» орденінің иегері Онтүстік аймағының әскери прокуроры әділет полковнигі Арман Капезовты еске алуға» арналған спартакиада өткізілді.

Спартакиаданы Орталық аймағының әскери прокуроры әділет полковнигі Жұмәділов Данияр Бекдаирұлы жеке бастады.
Жас ұрпақты мықты етіп тәрбиелеу, елін, жерін қорғайтын патриот ету — әрбіреуіміздің борышымыз, сонау жылдан қазақ халқының батыр есімдері мәңгілікке дәріптеліп келеді, қасиетті міндет бүгін де сақталып арамыздан батырлықпен қаза болған қаруласымыздың рухын бағыштап, еске алудамыз. Бүгінгі жарыскерлерге тек сәттілік тілейміз, ең мықтысы жеңсін, деді алғы сөзінде әскери прокурор Данияр Жұмәділов.

Үстел теннисі, волейбол, шахмат бойынша жарысқа Қарағанды облысының сегіз құрама командалары қатысты, оның арасында Орталық аймағының әскери прокуратурасы, Қарағанды өнірлік гарнизорнынң әскери полиция Басқармасы, Қорғаныс министрлігінің «Астана» өңірлік қолбасшылығы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ұлттық Ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығы, гарнизонандағы әуе қорғанысы күштері, Ұлттық Ұланның «Орталық» өңірлік әскери полиция Бақармасы, төтенше жағдайлар министірлігі, ҚРМ Жас ұлан командасы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Амантайұлы Шекарбеков өз сөзінде Отан алдында жанқиярлықпен қаза болғандарды дәріптеу, ерлігін келешек ұрпаққа мұра етіп қалдыру — болашағымызды тәрбиелеумен тең деп, осындай шаралардың өткізілуінің маңыздылығын атап өтті.

Шараға батырдың анасы Дильда Капезова мен жұбайы Асемгүл Капезова балаларымен арнайы шақырылған болатын.
Менің де балам спортпен шұғылдануды, футбол, волейбол, шахмат, үстел тенисі ойындарын жақсы көретін. Арман баламның құрметіне ұйымдастырып, ұмытпағандарыңызға аналық алғысымды білдіремін. Барлық жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін, деп батырдың анасы Дильда Капезова өз лебізін білдірді.

Шара барысында қонақтарға әскери интернаттың аумағы бойынша шағын экскурсия ұйымдастырылып болған соң, барлығы спорттық сайыстарды тамашалады.Бір күндік тартысты жарыста спортшылар барлық шеберліктерін алға ұсынып, жеңіске ұмтылу жолында көрермендердің көңілін қалдырмады.

Бір күндік жарыстың нәтижелерін қорытындылай келе,
Ерлер арасында шахмат ойыны біріншілігінен анықталған жеңімпаздар: 3 орын – Мәди Қарабаев, 2 орын – Сайран Байшиков, 1 орын – Азат Метканов.
Әйелдер арасында шахмат ойыны біріншілігінен анықталған жеңімпаздар: 3 орын – Динара Алмакбарова, 2 орын – Мадина Қағиметова, 1 орын – Қарлығаш Есенова.

Ерлер арасында үстел тенисінен анықталған жеңімпаздар: 3 орын – Анвар Нуров, 2 орын – Рустам Умурзаков, 1 орын – Нұрбол Макаров.
Әйелдер арасында үстел тенисінен анықталған жеңімпаздар: 3 орын – Алина Магауина, 2 орын – Асель Кумарова, 1 орын – Қарлығаш Есенова.
Волейбол ойынынан үздіктер номинациясында: Үздік байланыстырушы: Марғұлан Копбалин. Үздік бұғаттаушы: Серік Жетібаев. Үздік Шабуылшы: Нұрбол Макаров.

Волейбол ойынында үздік топ жарған командалар: 3 орын – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, 2 орын – Әуе қорғанысы күштері, 1 орын – ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы.

Марапаттау рәсімі әскери прокуроры әділет полковнигі Данияр Жұмәділов, «Астана» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Шаих-Хасан Жазықбаев Саттарқұлұлы мен Арман Капезовтың отбасы мүшелеріне, ұсынылған болатын.

Мы в Instagram! Подпишись, чтобы быть в курсе новостей!