29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Воскресенье, 24 ноября

В Национальной гвардии служит солдат, копирующий звуки животных и птиц

Именно такими отличительными особенностями обладает старший солдат 3-го отделения 4-го стрелкового взвода 5-й стрелковой роты 2-го стрелкового батальона воинской части 6505 рядовой Нурбол Асен. Он может издавать звуки, имитирующие звуки собаки, волка, различных птиц и других животных.

Нурбол Асен родился в Китае. Любовь к исторической Родине, которая была у него, побудила вернуться в родные края. 24 июля 2019 года Нурбол с родителями приехал в село Кызылагаш Аксуского района Алматинской области. А затем переехал в село Узынагаш Алматинской области.

У меня есть брат — Ербол. Мы с ним близнецы. В детстве мы оба смотрели друг на друга и весело повторяли разные звуки. Тогда нам было всего по 12 лет. У меня стали достаточно хорошо получаться звуки различных животных и птиц, и я понял, что это не просто развлечение, а серьезное искусство. Впервые с таким художественным номером я выступил перед публикой в школе в Китае, в год окончания учебы. После приезда в Казахстан выступал в воинской части. Сначала все вокруг улыбались, всерьез не воспринимали меня как своеобразного артиста редкого жанра, как будто бы хотели посмеяться надо мной. Но со временем на меня все стали смотреть с удивлением и даже с уважением.
Я могу петь и говорить особым способом, который в народе называют горловым пением. Я научился этому искусству, подражая одному знакомому

— говорит Нурбол Анес.

Талантливый солдат также увлекается рисованием. Этому направлению искусства его научил отец, который занимался живописью.

У каждого парня есть гражданский долг. Я рад, что выполняю свой долг перед Родиной. Для меня большая честь быть военнослужащим Национальной гвардии. Поэтому готов внести свой вклад в будущее нашей страны

— сказал старший солдат.

Напомним, Нурбол Асен до вступления в в ряды Национальной гвардии работал в зарубежной фармацевтической компании в городе Алматы.
Горячая линия WhatsApp — делись новостями с редакцией! +7 775 244 99 15
6505 әскери бөлімінің 2 атқыштар батальонының 5 атқыштар ротасы 4 атқыштар взводының 3 бөлімшесінің аға сарбазы Нұрбол Әсен ерекше қабылетке ие. Ол иттің, қасқырдың, түрлі құстардың және басқа да жануарлардың дауысын дыбыстай алады.

Әсен Нұрбол Қытайда дүниеге келген. Оның бойындағы Отанға деген сүйіспеншілік атажұртқа оралуына түрткі болған. Қазақстанға аңсары ауған азамат 2019 жылдың 24 шілдесінде Талдықорғанға жақын жердегі Қызылағаш ауылына келіп қоныстанған. Кейін Алматы облысына қарасты Ұзынағаш станса-ауылынан көшіп келген.

Менің Ербол есімді ағам бар. Екеуіміз бір-бірімізге түрлі дыбыстарды қайталап, қызық көретінбіз. Содан үйреніп кеттім. Ол кездері 12 жаста едік. Кейін мұндай қарым-қабілетімді ермек емес, өнер деп қабылдадым. Мұндай өнеріммен алғаш рет көпшіліктің алдына Қытайдағы мектепте, оқу бітіретін жылы шықтым. Қазақстанға келгеннен кейін әскери бөлімде өнер көрсеттім. Әуелде айналамдағылар келеке еткісі келгендей күлісіп алатын. Уақыт өте келе барлығы таңданыспен қарай бастады.
Сонымен қатар мен күркіреме дауыспен сөйлеп, ән де сала аламын. Әсіресе, Абай атамыздың өлеңдерін күркіреме дауыспен орындаса өте сәтті шығады. Мұндай өнерді өзіме таныс бір ағама еліктеп жүріп үйрендім

— деді Нұрбол Әсен.

Сондай-ақ талантты сарбаз сурет салумен де айналысады. Оған бұл өнер әкесінен дарыған.

Әр жігіттің азаматтық борышы болады. Мен Отан алдындағы борышымды алтын қазық, атамекенде өтеп жүргеніме қуаныштымын. Ұлттық ұлан сапында сарбаз атану – мен үшін үлкен мәртебе. Сондықтан елім деп іздеп келген екенмін, сол елдің ертеңі үшін де өз үлесімді қосуға әзірмін

— деді аға сарбаз.

Айта кетейік, Нұрбол Әсен әскери өмірге қадам басқанға дейін дейін Алматы қаласындағы дәрі-дәрмек шығаратын шетелдік компанияда қызмет еткен.