Орталық сайлау комиссиясының кезекті брифингінде қазақстандықтардың 70%-ы өз таңдауын жасағаны айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Орталық сайлау комиссиясының 20.00-дегі мәліметіне сүйенсек, барлық өңірдегі сайлау учаскелері әлі қарқынды жұмыс жасауда.
Орталық сайлау комиссиясы төрағасының хатшысы Мұхтар Ерман соңғы сандар көрсеткішімен бөлісті.
«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, Абай облысы бойынша – 80,18 %,
Ақмола облысы бойынша – 78,87%,
Ақтөбе облысы бойынша – 72,20 %,
Алматы облысы бойынша – 72,10 %,
Атырау облысы бойынша – 70,87 %,
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 67,77%,
Жамбыл облысы бойынша – 79,57%,
Жетісу облысы бойынша – 81,43 %,
Қарағанды облысы бойынша – 78,39%,
Қостанай облысы бойынша – 79,28 %,
Қызылорда облысы бойынша – 80,31 %,
Маңғыстау облысы бойынша – 66,18 %,
Павлодар облысы бойынша – 77,58 %,
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 78,24%,
Түркістан облысы бойынша – 80,37 %,
Ұлытау облысы бойынша – 75,48 %,
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 79,49%,
Астана қаласы бойынша – 48,67%,
Алматы қаласы бойынша – 28,72%,
Шымкент қаласы бойынша – 59,79 %-ды қамтып отыр»,-деді ол.
Сонымен қатар, 20.00-дегі жағдай бойынша республика бойынша 8 млн 282 мың 607 адам бюллетенді алған болатын. Ол тізімде енгізілген азаматтардың 69,31%-ын құрады.