29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

6697 әскери бөлімінде Орталық ауданның командалық біріншілігі өтті

Орталық «өңірлік қолбасшылығының спорттық — бұқаралық іс-шаралар жоспарына және 21-ші спартакиада Ережесіне сәйкес 25-27 мамыр аралығында 6697 әскери бөлімінде (Қостанай қ.) «Жазғы Президенттік көпсайыстан» Орталық «өңірлік қолбасшылығының чемпионаты өткізілді.

Жарысқа СҚО, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарынан келген әскери бөлімдерінің құрама командалары қатысты.

Жарыс барысында
-Макаров тапаншасынан ату (ПМ);
-қашықтыққа граната лақтыру;
— 50-100 метр қашықтыққа еркін стильде жүзу;
— 50-100 метр жүгіру;
— 1000-3000 метрге жүгіру сияқты спорт түрлерінен қатысушылар жоғары психологиялық ұстамдылық пен физикалық күйде жақсы дайындықтарын көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
— жалпы командалық есепте I-орынды 6637 әскери бөлімінің құрама командасы (Петропавл қ.), II — орынды 6697 әскери бөлімінің құрама командасы (Қостанай қ.) иеленді, жүлделі III -орынды 5516 әскери бөлімінің құрама командасы (Теміртау қ.)

27 мамыр күні 6697 әскери бөлімінің саптық алаңында жарыстың салтанатты жабылуы іс-шарасы өтіп, жеңімпаздарға 6697 әскери бөлім командирі полковник Әбдіров Талғат Кәмілұлы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор С.Шекарбековтың атынан кубоктар мен мадақтама грамоталарымен табыстады.

Наше сообщество в Одноклассниках. Вступай!