1992 жылы 4 ші маусымда елімізде тұңғыш рет тәуелсіз республиканың жаңа мемлекеттік рәміздері ту мен елтаңба бекітілсе, ал әнұран мәтіні сол жылдың 11 желтоқсанда бекітілді. Бұл атаулы күннің қабылданғанына биыл 31 жыл толып отыр. Бұл күндері аузын айға білеген өзге алпауыт мемлекеттермен иық тіресіп, талай елдің төрінде әнұраны шырқалып, көк туы желбіреген Қазақстанды төрткүл дүние танып, мойындады десек артық айтқандық емес.
Ұлттық патриотизм, отанға деген сүйіспеншілік, туған жерге деген ыстық ықылас ол әрбір адамның рухында қалыптасқан асыл ұғым. Ал, тәуелсіздік төсбелгісіне айналған рәміздерімізді құрметтеу еліміздің әрбір азаматы үшін қасиетті борыш.
Аталмыш мерейлі мерекені еліміздің барлық өңірлері жоғарғы дәрежеде атап өтті.Мәселен. Степногорск қаласында қала әкімі Алпысбай Қайыржановтың тікелей қатысуымен арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның ашылу салтанатында қала көшелерінде мемлекеттік рәміздерді мадақтау мақсатында, қала тұрығындарының қатысуымен арнайы шеру өткізілді.
Аталмыш шерудің көшбасында Қазақстан Республикасының ұлттық ұланы 3517 әскери бөлімінің капитаны А.Ерденов пен арнайы ту ұстаушы топ және арнайы жасақ сарбаздары тұрды. Іс-шара барысында қала әкімі Алпысбай Қайыржанов «Мемлекеттік рәміздер халқымыздың ұлттық салтын, рухын даналығын жеткізетін құнды белгілер» деп қала халқының патриоттық сезімін көтеріп ғана қоймай, аталмыш мерекемен қала халқына құттықтау сөздерін жолдады.
Ұйымдастырылған шара барысында қатысушылар мен көрермендердің рухын көтеріп ғана қоймай, көңіл күйлерін көтеру мақсатында арнайы әндер шырқалып билерде көрсетілген болатын. Сонымен қатар іс-шараны қорытындылау барысында қала әкімі 3517 ұлттық ұлан әскери бөлімінің ұжымына өз алғысын білдіріп, еліміздің ұлттық әнұраны шырқалды.
Айта кетерлік жайт дәл осындай іс-шаралар Орталық өңірлік қолбасшылығына қарасты СҚО, Қарағанды, Қостанай облыстарында арнайы әскери бөлім басшылықтарының ұйымдастырылуыменде өткізілді.